home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ҚЫЗЫЛОРДА ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТАРЫ АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТАРЫ АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТАРЫ АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ
18.09.2023

Өткен аптаның соңы Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы мен Түркістан облыстық адвокаттар алқасының жаңа ғимараттарының ашылуына арналған салтанатты шаралармен есте қалды.

Салтанатты іс-шараларға Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, РАА төралқасының мүшелері мен Қызылорда және Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары, сондай-ақ кәсіпкерлік, қоғамдық және аумақтық әділет басқармаларының өкілдері қатысты.

Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы төралқасының ескі екі қабатты ғимараты қауіпті жағдайына байланысты жарамсыз болғандықтан орнына жаңа үш қабатты ғимарат салынды. Ғимаратта адвокаттарға арналған кабинеттер, төралқасы отырыстарын өткізуге және адвокаттар үшін тренингтер мен семинарларды ұйымдастыруға арналған зал бар.

Жаңа ғимараттың құрылысы қысқа мерзімде аяқталып, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы төралқасының жаңа төрағасы Мейірбек Даубалаевтың жетекшілігімен жүзеге асты. Жаңа кеңсенің құрылысына демеуші болған адвокаттар мен облыс орталығы кәсіпкерлері де атсалысты.

Түркістан облыстық адвокаттар алқасы төралқасының жаңа кеңсесі нөлден салынған, 800 шаршы метрді құрайды, 1200 шаршы метрге дейін кеңейту жоспарлануда. Ғимаратта адвокаттарға арналған кеңселер, кездесулер өткізуге және адвокаттарды оқытуға арналған бөлмелер қарастырылған.

Адвокаттарға арналған жаңа үй құрылысы жерді таңдаудан, әртүрлі құжаттарды ресімдеуден, коммуникацияларды жүргізуден және т.б. бастап көптеген күрделі құрылыс кезеңдерімен қатар жүрді. Бұл процедуралардың барлығы басқарма басшылығының осы процесті дұрыс жоспарлауымен жүзеге асырылды.

РАА Төрағасы мен Төралқа мүшелері салтанатты шараға қатысушыларды қарсы алып, оларды жаңа ғимараттардың ашылуымен құттықтады, адвокаттарға, кәсіпкерлерге және өңірлік алқа қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Салтанатты жағдайда Қызылорда адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаевқа «Адвокатураның дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді. Құрылысқа демеуші болған адвокаттар мен кәсіпкерлерге және алқа ғимаратының салынуына зор үлес қосқан Қызылорда және Түркістан облыстық адвокаттар алқасының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

РАА төрағасы құрылыс демеушілері болған Қызылорда облысы адвокаттары мен кәсіпкерлеріне, сондай ақ  Қызылорда облыстық алқасының құрылысқа белсенді қатысқан қызметкерлеріне алғыс хаттарды табыс етті:

1. Жөртекеев Марат Абыбекович
2. Асқаров Жалғас Қозыбекұлы
3. Алмағамбетова Күнзада
4. Балкей Ботагөз Пернебайқызы
5. Имангалиев Бижан Дауменович
6. Наркешбаев Шадияр Турсыналиевич
7. Усеинов Хасенхан Алеудинович
8. Қабылбеков Қанат Ералиевич
9. Жамалбеков Ерлан Раймбекович
10. Абдуманов Алимжан Перналиевич
11. Турабаев Даулетбек Калдарбекович
12. Миманова Гульнар Койшыбаевна
13. Дүйсембаев Куаныш Кубейсинович
14. Өмірзақ Бауыржан Өмірзақұлы
15. Ахметов Жасулан Байтелиевич
16. Жубатов Серик Демеубаевич
17. Увайдаева Гульзира Турганбаевна
18. Ибраев Нұрболат Балтаевич
19. Сарсенбаев Марат Абаевич
20. Абпазова Айнұр Нурлановна
21. Шаукенбаев Асхат Қасымұлы
22. Исахаджаева Фарида Ибрагимовна
23. Серікбаев Асылхан Бостанович
24. Бегалиева Гульмира Умирзаковна

РАА төрағасы құрылыс демеушілері болған Түркістан облысы адвокаттары мен кәсіпкерлеріне, сондай ақ  Түркістан облыстық алқасының құрылысқа белсенді қатысқан қызметкерлеріне алғыс хаттарды табыс етті:

1. Кошкаров Кулажан Акынбабаевич
2. Шарипбеков Абибулла Шарипбекович
3. Тамырбаев Марат Амзеевич 
4. Кабылов Асылбек Даубаевич
5. Кабылова Айнур Даубаевна
6. Кадырова Салтанат Иманалиевна
7. Агибаева Маржан Акимбековна
8. Алхожаева Алия Тыныштыковна
9. Осепян Тамара Максимовна
10. Төлегенов Ақтөре Жақсылықұлы
11. Сейдахметов Махмуд Абдуталипович
12. Сапарбеков Нурсейт Аралбаевич
13. Әбибулла Сәбит Жәңгірұлы
14. Дадабаев Азиз Шамуратулы
15. Жандарбеков Полат Калдарбекович
16. Баймбетова Махабат Сейсенбековна
17. Мугалбаев Кайрат Есенбекович
18. Тажбенов Сыздық Жаңабайұлы
19. Боранбаев Такен Аблаевич
20. Айдар Исақожа Жұманқожаұлы
21. Жусупбеков Бакытжан Толегенович
22. Шагирбаева Сауле Сериковна
23. Дуланов Ахмет Болатович
24. Кенжеханова Тоғжан Мырзағалиқызы
25. Бейсенов Пернебай Садыкович