9 желтоқсан
РАА төрағасы Айдын Бикебаев Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты" оқулығының онлайн-презентациясына қатысты. Презентация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің шақыруымен өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі аспектілері, заңнамалық шаралар, практикалық бастамалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заманауи тәсілдері қарастырылды. Іс-шара аясында оқулық авторлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және ғылыми қауымдастықтың өкілдері сөз сөйледі.
9 -19 желтоқсан
РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, РАА өкілі Санжар Айтқұлов, сондай-ақ Астана қаласының Адвокаттар алқасының адвокаттары Ерлан Газымжанов пен Әлия Илькенова қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысты.
10 желтоқсан
Айдын Бикебаев Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына арналған іс-шараға шақырылып, қатысты:
● Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері мен сарапшыларының Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері, магистранттары және докторанттарымен «Адам құқықтары - қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» тақырыбында кездесуі. Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер мен сарапшылар, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері, соның ішінде Төраға қатысты. «Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі», «Адам құқықтарын қорғаудың сот және соттан тыс механизмдері», «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық механизмдері», «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау жобалары», «Білікті заң көмегін алу құқығы», «Дискриминациядан еркіндік құқығы» және тағы басқа тақырыптар талқыланды.
11 желтоқсан
Онлайн мәмілелер бойынша Әділет министрлігінде кеңес өтті, оған Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Төлегенов Артур Қуанышұлы қатысты.
12 желтоқсан
Айдын Бикебаев Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау және дамыту туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», «MSB Partners» адвокаттық кеңсесі және Maqsut Narikbayev University (MNU) қолдауымен кәсіпкерлік субъектілері үшін ұйымдастырды. Бұл дөңгелек үстел Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесі мен антимонополиялық заңнамадағы жаңалықтарды түсіндіруге бағытталған. Іс-шараға Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Олар антимонополиялық заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылады. Барлығы екі сессия өтті:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бәсекелестік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу жөніндегі заңнамалық бастамалар пакетін талқылау.
2) Антимонополиялық заңнаманы қолдану тәжірибесі: 2024 жылғы 6 сәуірдегі №71-VIII ЗРК «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғаннан кейін антимонополиялық заңнаманы бұзуға байланысты сот істерін талдау.
17-18 желтоқсан
РАА төрағасы Айдын Бикебаев, РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев және Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Сергей Сизинцев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысты.
20 желтоқсан
Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Сергей Сизинцев Әділет министрлігіндегі кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Алқа отырысында Президенттің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаев, Президент Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ заң қоғамдастықтарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында өздеріне жетекшілік ететін бағыттары бойынша вице-министрлер нәтижелері туралы баяндады.
Жалпы қорытындылар:
● 9 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында 58 хат және 44 шағым мен өтініш қаралды.
● РАА Төрағасы адвокаттық қызметтің өзекті мәселелерін шешу үшін заңгерлермен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.