29 сәуір:
Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы:
- ұсыныстар мен ескертулерді жинау мақсатында аумақтық адвокаттар алқалары үшін адвокаттар мен адвокаттар алқаларының қызметі туралы статикалық есептің жобасын талқылады;
- адвокаттар арасындағы Республикалық спартакиаданың өтетін орны мен уақытын анықтады: 29-31 тамыз, Ақмола облысы, Бурабай «Жақсы» спорт кешені. Нұрлан Жолболовты Спартакиаданы ұйымдастыру комитетінің басшысы етіп бекітіп, ұйымдастыру комитетінің құрамын және Спартакиаданы өткізу тәртібі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар жобасын ұсынуды тапсырды;
- РАА ҒКК-на 2024 жылдың үшінші тоқсанында адвокаттардың тәртіптік комиссиясы мен адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы туралы жаңа ереже әзірлеуді тапсырды;
- РАА-ға арналған кеңсе кеңістігінің нұсқалары қарастырылды. Кеңсе кеңістігін таңдау бойынша жұмыс жалғасуда;
- РАА-ның Түркі мемлекеттері адвокаттары одағының құрамына кіруін қолдады және 23-24 мамырда Түркияның Анкара қаласында өтетін Түркі мемлекеттері адвокаттары одағын құру жөніндегі құрылтай конференциясына қатысу үшін кандидаттарды мақұлдады;
- бірнеше арызды қанағаттандырудан бас тартты: Түркістан облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Қ.Қ.-ға қатысты А.А.-ның екі арызы, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, РАА Төралқасының мүшесі Қ.А.-ға қатысты Н.А. шағымы, Алматы облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының мүшесі Т.Е.-ға қастысты Т.С.-тің шағымы, адвокат К.Л.-ға қатысты Астана қалалық адвокаттар алқасының шешімі бойынша А.А.-ның шағымы, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокат Х.О.-ға қатысты әрекетіне (әрекетсіздігіне) С.С.-ның шағымы. және адвокат Қ.Б.-ға қатысты Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша Б.М.-ның шағымы.
- РАА Төралқасының мүшелері Қалтай Қалиақпаров пен Дмитрий Куряченко Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құспан Абзалдың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау туралы жұмыс тобының отырысына қатысты. Онда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 181-1-бабы – Мал ұрлығы бойынша жазаны қатайту және коллекторлық агенттіктердің өкілеттіктерін арттыру мәселелері талқыланды.
3 мамыр:
РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев сот реформасы жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.
Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлия Илкенова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының жұмысына қатысты.
3 мамыр:
Адвокатураның тәртіптік комиссиясы:
- Абай ауданының адвокаттар алқасының адвокат С.Қ.-ға «ескерту» жасады;
- Маңғыстау облысы адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының адвокат У.А.-ға қатысты шағымы бойынша шешімі өзгеріссіз қалдырылды;
- Ақмола облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының адвокат Д.С.бойынша шешіміне А.А.-ның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
6 мамырда:
РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, РАА Төралқа мүшелері Дмитрий Куряченко, Қалтай Қалиакпаров, адвокаттар Юлия Малюкова және Әлия Илькенова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құспан Абзалдың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау туралы жұмыс тобының отырысына қатысты.
Қорғауға құқығы бар куәнің құқықтарына қатысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 65-1-бабына, жәбірленушілердің құқықтарын кеңейту бөлігінде 71-бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралды, сондай-ақ тергеу жүргізген кезде 24 сағат ішінде уәкілетті органға түбіртек жіберуге міндетті талапты жою бөлігінде 122-бабына өзгерістер бекітілді.
14 мамырда РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі Мәжілісте қаралып жатқан сот жүйесін реформалау жобалары бойынша қосымша ұстанымдарды бекітті, атап айтқанда:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы;
- «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы туралы.
16 мамырда:
РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев, адвокаттар Юлия Малюкова мен Әлия Илькенова Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заң жобасы бойынша топта жұмысты жалғастырды.
29 сәуір мен 17 мамыр аралығында 115 хат пен 65 шағым қаралды. РАА төрағасы адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және азаматтармен кездесулер өткізді.