20 мамыр.
РАА төралқасы:
• Адвокаттар мен адвокаттар алқаларының қызметі туралы статистикалық есептердің нысандары бекітілді.
• Маңғыстау облысы адвокаттар алқасы президиумының төрағасы, адвокат М.Б.-ға қатысты Ақтау қалалық тергеу бөлімінің аға тергеушісі С.А.-ның ұсынысын РАА-ның Тәртіптік комиссиясына ұсыну үшін жеткілікті негіздердің болмауына байланысты қанағаттандырудан бас тартты.
• Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокат Д.М.-ға қатысты шығарған қаулысы туралы, сондай-ақ Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы Төралқасы төрағасының орынбасары А.А.-ның заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша М.Ш.-ның шағымын РАА-ның Тәртіптік комиссиясына ұсыну үшін жеткілікті негіздердің болмауына байланысты қанағаттандырудан бас тартты.
• Адвокат Х.О.-ға қатысты Шымкент қалалық адвокаттар алқасының шешімін жойды, сондай-ақ А.К.-ның адвокат Х.О.-ға қатысты шағымын қайта қарап, Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаттардың тәртіптік комиссиясына жіберуді ұсынуды.
• Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокат К.Р.-ға қатысты әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша А.Б.-ның шағымын Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының шешімінің күшін жоюға жеткілікті негіздердің болмауына байланысты қанағаттандырудан бас тартты.
• Аумақтық адвокаттар алқаларына және РАА Төралқасының мүшелеріне адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді аттестаттаудан өткізу үшін практикалық (кейстік) сұрақтарын әзірлеуді және РАА-ға ұсынуды тапсырды, сондай-ақ РАА ҒКК-не олардың негізіндегі практикалық сұрақтар жасауды тапсырды.
20 мамыр. РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша РАА ұстанымын мақұлдады.
21 мамыр. РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев пен Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлия Илкенова Парламент Мәжілісінің сот-құқықтық реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.
22 мамыр. РАА өкілдері іс жүргізу заңнамасын, адвокатураны және заң көмегін көрсетуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысып, Әділет министрлігінің адвокаттардың көмегін көрсетуді құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және бекіту бөлігінде енгізген түзетуіне қарсылықтарын білдірді. Сондай-ақ адвокаттық қызметті сақтандыру бойынша түзетулер қарастырылды.
23-24 мамыр. Түркітілдес елдердің адвокаттар алқаларының өкілдері Түркітілдес адвокаттар одағының құрылуына қатысты мәселелерді талқылауға арналған конференцияға (Анкара, Түркия) қатысты. Қазақстандық делегация Түркияның Әділет министрімен және Түркияның жоғарғы сот органдарының өкілдерімен кездесті.
23 мамыр. Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының отырысында Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Айдана Нұркеева Қылмыстық-процестік кодексінің 127-бабының 4-бөлігін Конституцияның 13, 14, 76, 77-баптарына сәйкес келмейді деп тану туралы азамат Н.Р.-ның өтініші бойынша сөз сөйледі. Даулы норма 2014 жылы жаңа Қылмыстық-процестік кодексінің қабылдануымен ғана пайда болды. Конституциялық сотының отырысында РАА өкілі Қылмыстық-процестік кодексінен 127-баптың 4-бөлігін алып тастау бойынша заңнамалық шараларды қолдану қажеттігі туралы РАА ұстанымын айтты, өйткені даулы норма соттың іс бойынша процессуалдық шешімдер қабылдауын шектейді, дәлелдемелерді объективті және бейтарап бағалауға, сот тергеуінің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейді.
23 мамыр және 3 маусым. РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев, РАА Төралқасының мүшесі Данияр Қанафин және Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлия Илкенова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысты.
24 мамыр. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы:
• Ақмола облысы Әділет департаментінің адвокат Е.А.-ға қатысты тәртіптік іс қозғауға негіз болмағаны үшін қарауды тоқаттты.
• Ақмола облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының адвокат Т.Т.-ға қатысты шешіміне Ақмола облысы Әділет департаментінің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
• Тәртіптік комиссияның адвокат А.Д.-ға қатысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешімінің күші жойыды.
• Адвокат Т.Ф.-ға кәсіби этиканы бұзғаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік шарасын қолданутуралы шешім қабылдады.
24 мамыр. РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев «Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
30 мамыр. РАА төрағасы Айдын Бикебаев сарапшы ретінде Мемлекет басшысы 8 мамырда қол қойған кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған ырықтандыру туралы Жарлықты түсіндірді.
30 мамырда Қазақстанның ірі қалаларында «Халық заңгері» акциясы өтіп, оның барысында адвокаттар тегін заң көмек көрсетті.
4 маусым. РАА төралқасы:
• Адвокаттар арасындағы Спартакиада туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізді және Ұйымдастыру комитетті бекітті.
• 2024 жылы адвокаттық қызмет көрсетудің орташа құны анықтады.
• РАА қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мақұлданды.
• Төралқа мүшесі Виктор Кривоносовты РАА төрағасы Айдын Бикебаевпен бірге Санкт-Петербург халықаралық заң форумына қатысу үшін делегат болып тағайындады.
• Н.Б.-ның шағымын қарап, оны қайта қарауды Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы Төралқасына тапсырды.
• Тәртіптік комиссияның және РАА Төралқасының мүшелеріне қатысты О.А. және А.Ф.-тың шағымын қанағаттандырудан бас тартты.
7 маусым. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы:
• Адвокат Х.М.-ға қатысты тәртіптік істі жасалған құқық бұзушылықтың елеусіздігі үшін тоқтатты.
• Адвокат Р.Г.-ға қатысты тәртіптік істі жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатты.
• Адвокат У.К.-ға қатысты тәртіптік істі іс-әрекетінде бұзушылықтардың болмауы ны байланысты тоқтатты.
7 маусым. РАА төрағасы Айдын Бикебаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 134 хаттарды, сонымен қатар 99 шағымдар мен өтініштерді құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.