2 қазанда РАА төралқасы:
- Батыс Қазақстан ОАА Әдеп жөніндегі комиссияның мүшесі адвокат И.З.-ға, Алматы ОАА Төралқа мүшесі адвокат А.А.-ға, Шымкент қаласының адвокаттар алқасы Төралқа мүшесі адвокат К.Г.-ға қатысты РАА адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу үшін негіздердің болмауына байланысты шағымды қараудан бас тартты;
- Түркістан ОАА Төралқа мүшесі, адвокат А.А.-ның үстінен берілген шағымды, оның осы алқа төралқасының құрамынан шығарылуына байланысты, Түркістан ОАА Төралқасының қарауына енгізілді;
- Түркістан ОАА Төралқа төрағасы К.К-ға қатысты екі шағымды К.К:-ға қатысты Әділет министрлігінің екі ұсынысына байланысты қарауды тоқтатты;
- «Мықты адвокатура – құқықтық мемлекеттің тірегі» атты VII Қазақстандық адвокаттар халықаралық форумының ұйымдастыру мәселелері бекітті;
- VII форумның барлық демеушілеріне мадақтау қағазын беру туралы шешім қабылдады;
- Форумға қатысушы халықаралық адвокаттар ұйымдарының басшыларын, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі адвокаттар алқаларының басшыларын «Адвокатуранықамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.
2 қазанда РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ пен РАА ҒКК төрағасы Сергей СИЗИНЦЕВ жаңа Салық кодексін дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен кездесіп, адвокаттық қызметке салық салу жөніндегі РАА ұсыныстарын талқылады.
4 қазанда РАА Төрағасы, оның орынбасары, РАА ҒКК төрағасы, сондай-ақ РАА Төралқа мүшелері Данияр КАНАФИН, Қалтай ҚАЛИАҚПАРОВ, Сисенбай ДЕЛЬМАНОВ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнамасын, адвокаттық қызмет пен заң көмегін, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұсаукесеріне қатысты.
РАА өкілдері заң жобасына қатысты сыни пікірлерін білдірді, оның ішінде адвокаттар алқасын дамыту Тұжырымдамасында көптеген ұсыныстар ұсынылғанын, бірақ олар жаңа заң жобасында қамтылмағанын атап өтті. РАА Төрағасы бұл заң жобасы РАА ұсыныстары енгізілмеген жағдайда адвокаттық қызметтің дамуына кері қадам болатынын атап өтіп, құжатты пысықтауды сұрады.
6 қазанда «Мықты адвокатура – құқықтық мемлекеттің тірегі» атты VII Қазақстандық халықаралық адвокаттар форумы өтті, оған халықаралық адвокаттар ұйымдарының жетекшілері – Халықаралық адвокаттар қауымдастығы/ХБА, Америка адвокаттар қауымдастығы/АВА және Азия-Тынық мұхиты аймағының заң қауымдастығы (LAWASIA), сондай-ақ АҚШ, Германия, Сингапур, Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның адвокатура жетекшілері қатысты.
Форумға 300-ден астам адвокат, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Форумда алдағы кезеңге арналған адвокатура саласын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынатын Резолюция бірауыздан қабылданды.(сілтеме)
9 қазанда РАА Төрағасы, РАА Төралқа мүшелері Эльвира АБДУЛИНА, Анара ҚҰСАЙЫНОВА, Қайрат ДЕМЕСІНОВ, Қалтай ҚАЛИАҚПАРОВ және Роза ҚУАНЫШБАЕВА Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек МЕРҒАЛИЕВТІ қабылдауда кассациялық соттарды құру мәселесі туралы РАА ұстанымын білдірді.
11-12 қазанда РАА Төрағасы және РАА Төралқа мүшелері Рашид ЕВНИЕВ пен Алмат ҚАСҚЫРБАЙ Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен «Түркіменстанда сот төрелігіне қолжетімділікті ілгерілету: халықаралық және еуропалық құқық пен тәжірибедегі адвокаттың рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 113 хатты, сондай-ақ 43 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.