9 шілде
Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы келесі шешімдер қабылдады:
• Жарыс форматына қатысты Спартакиада Ережесіне түзетулер енгізу туралы Спартакиаданы ұйымдастыру комитетінің ұсыныстарын қолдады:
- Волейбол: әрбір матч, соның ішінде плей-офф, 2 жеңіске дейін, 15 ұпайға дейін.
- Шахмат: блиц 5 минут.
- Бильярд: 30.08.24 күні «Оқжетпес» санаторийінде жарыстар өтеді.
- Футбол: бес ойыншының орнына алты ойыншы.
• 30.08.24 күні әр аумақтық адвокаттар алқасынан 1-2 адвокаттың қатысуымен шығармашылық конкурс өткізуге қолдау көрсетті.
• Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ирина Осокинаның өз өтініші бойынша РАА ҒКК мүшелігінен шығару туралы арызын қанағаттандырды, сонымен қатар Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Цой Каринаны РАА ҒКК құрамына енгізді.
• Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның құрамына жаңа мүшелерді енгізді:
-Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Садықов А.
- Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Патейев Б.
- Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тортаев А.
- Ақмола облыстық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі, РАА Төралқасының мүшесі, РАА ҒКК хатшысы Евниев Р.
• Адвокат А.А.-ға қатысты Алматы облыстық адвокаттар алқасы Төралқасының шешіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шағымын қанағаттандырудан бас тарту.
• М.Б.-ның шағымы бойынша Шымкент қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Б.С.-ға қатысты РАА Тәртіптік комиссиясына ұсынуды еңгізді.
• РАА Тәртіптік комиссиясына ұсыну үшін жеткілікті негіздердің болмауына байланысты бірнеше шағымдарды қанағаттандырудан бас тартты.
• Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төралқасына адвокаттардың адвокаттық өтініштер беру Ережелерін сақтау қажеттілігіне назар аударуды және түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
• Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының Р.М.-ның адвокат П.Д.-ға шағымы бойынша қаулысының күші жойды және шағымды Алматы қалалық адвокаттар алқасына қарауға жолдады.
11 шілде
Ғылыми-консультативтік кеңес ҚР жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша, оның ішінде адвокаттардың табыстарына жеке табыс салығы бойынша салық салу және адвокаттарды қосылған құн салығы бойынша есепке қоюдан шығару мәселелері бойынша өз ұстанымын мақұлдады.
12 шілде
Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Республикалық адвокаттар алқасына кеңсе үй-жайын сатып алу мәселесін шешу үшін 2024 жылғы 15 шілдеде адвокаттар алқаларының Республикалық конференциясын шақыру туралы шешім қабылдады.
16 шілде
РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі келесі ұстанымдарды бекітті:
• Сәттілік жарнасы туралы («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнамасын, адвокаттық қызметті және заң көмегін көрсетуді, соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды шешу тәртіпті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына СТ-ға өзгерту енгізу туралы»).
• Қылмыстық-процестік Кодексінің 314-бабының 3-бөлігінің 2-абзацының және екінші тармағының ҚР Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе бойынша (Конституциялық Сотқа азамат А.-дан өтініш келіп түсті, ол бойынша Конституциялық Сот РАА ұстанымын алдын сұраған болатын).
• Адвокат кеңсесіндегі заң консультантының заң көмегін көрсетуіне қатысты (РАА-ға адвокат Б.-дан тиісті өтініштің түсуіне байланысты).
Республикалық адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясы:
• Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының 2024 жылғы 14 мамырдағы шешіміне «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы И.Г.-ның шағымы қанағаттандырды және тәртіптік жазаны «ескертпеге» өзгертті.
• А.С. және Д.Н. адвокаттарға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтату туралы Шымкент қаласының адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының 2024 жылғы 26 сәуірдегі шешіміне М.С.-тың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
• Ақмола облыстық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі Ж.М.Ақмола облысы Әділет департаментінің адвокат,
• У.А.-ға қатысты РАА Тәртіптік комиссияның 04.04.2024 шешімінің күшін жою туралы Алматы облыстық адвокаттар алқасының ұсынысын қанағаттандырусыз қалдырды.
19-20 шілде
РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Алматы қаласында “De Jure club” форумында спикер болып қайтты.
24 шілде
Құқық қорғау органдары АҚ «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясымен» бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің тақырыбы ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру, Қазақстан мен Өзбекстан құқық қорғау органдарының көлеңкелі экономикаға, оның ішінде жалған шот-фактураларды шығаруға қарсы күрестегі өзара іс-қимылы болды.
26 шілде
РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев Адам құқықтарының жалпыға бірдей мерзімді шолуының төртінші цикліне дайындық бойынша Қазақстан Республикасының үшінші циклінің ұсынымдарын іске асыру барысы туралы талқылауға қатысты. Шолу Қазақстандағы соңғы төрт жылдағы реформаларды және Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша Әділет министрлігінің міндеттерін қамтиды.
30 шілде
РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Әділет министрлігі жанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық кодексті оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына қатысты.
1 тамыз
Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Айдана Нұркеева аумақтық соттылығы және қылмыс жасалған орынымен байланысты аумақтық соттылыққа жататын қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырысында сөз сөйледі.
2 тамыз
РАА Тәртіптік комиссиясы:
• Адвокат К.Р.-ға қатысты Абай алқасы Тәртіптік комиссиясының 05.03.2024 жылғы шешіміне Абай аудандық Әділет департаментінің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
• Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының жеке ұйғарымының күшін жоюына байланысты Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының басшылығына қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатты.
Жалпы нәтижелер
1 шілде бен 2 тамыз аралығында 181 хат пен 89 шағым қаралды. РАА төрағасы адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және азаматтармен кездесулер өткізді.