home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Бас прокуратура қылмыстық процесте бизнесті қорғау мәселелері бойынша прокуратура органдары жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат жариялады

Бас прокуратура қылмыстық процесте бизнесті қорғау мәселелері бойынша прокуратура органдары жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат жариялады

Бас прокуратура қылмыстық процесте бизнесті қорғау мәселелері бойынша прокуратура органдары жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат жариялады
05.09.2022

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хабарламасында прокурорлар жекелеген тергеу органдары штаттағы мамандардың қорытындылары негізінде бизнеске қарсы іс қозғауды кеңінен қолданғанын анықтады. Қылмыстық шеңберге жүздеген кәсіпкерлер тартылды. Сонымен қатар, олардың тұжырымдары жеткілікті мәліметтермен расталмады және сот сарапшылары тарапынан жиі теріске шығарылып отырды. Осыған байланысты, адал бизнесті қылмыстық шеңберге тарту фактілерін азайту мақсатында Бас прокуратура қылмыстық қудалау органдарының заңсыз іс-әрекеттері мен шешімдерінің жедел жолын кесу бойынша қосымша шаралар әзірледі. Соның ішінде қылмыстық қудалау органдарына тергеуді бастау үшін негіз ретінде штаттық криминалист мамандардың ресми қорытындыларын пайдаланбау тапсырылды.
Мұндай жағдайларда келтірілген залал туралы мәліметтер қылмыстық қудалау органдарына тәуелді емес мемлекеттік органдар мамандарының қорытындыларымен негізделуі тиіс, олардың қорытындыларында растаушы құжаттарға негізделген және бұзылған құқықтың нақты нормаларын көрсететін нақты және объективті деректер қамтылуы тиіс.

Айта кету керек, Республикалық адвокаттар алқасы ағымдағы жылдың 19 мамырында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде құқық қорғау органдарының штаттық қызметкерлері дайындаған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылатын қорытындылардың объективтілігі мәселесі туралы баяндама жасады. Осыған байланысты қорытындыларды тиісті білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар мен мамандар ғана әзірлеуі тиіс деп белгілеу ұсынылды. Сонымен қатар, заңсыз қылмыстық қудалау үшін жазалаудың бұлтартпастығын қамтамасыз ету және бизнеске, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына келтірілген шығындарды кері қайтару тәртібімен өтеудің бірыңғай тетігін әзірлеу, мүлікке тыйым салудың және заттай дәлелдемелерді алудың ерекше тәртібін көздеу ұсынылды.

Қылмыстық процесс шеңберінде бизнесті қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы (www.gov.kz)