Халықаралық адвокаттар ассоцитациясы (IBA) ұйымдастыратын жыл сайынғы конференция Мехико қаласында 2024 жылғы 15-20 қыркүйек аралығында өтеді. 1947 жылы негізі қаланған IBA барлық континенттен шамамен 30 мың жеке адвокат пен 195-тен астам адвокаттар алқасын біріктіретін халықаралық заңгерлер мен олардың бірлестіктеріне арналған әлемдегі жетекші ұйым болып табылады.
IBA-ның жыл сайынғы конференциясы әлемнің түкпір-түкпірінен заңгерлерді біріктіретін заңгерлік қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады. Бұл заң конторалары мен заң кеңселердің серіктестері үшін тәжірибе алмасуға, соңғы жаһандық трендтермен танысуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік.
Мехико Американың қиылысында орналасқан қарқынды экономикалық және қаржылық орталық ретінде IBA жыл сайынғы конференциясы үшін ерекше орын болады. Конференцияға қатысушылар 130-дан астам юрисдикциядағы 2700-ден астам заң фирмаларының, корпорациялардың, мемлекеттік және реттеуші органдардың 5000-нан астам өкілдеріне қол жеткізе алады.
Конференция қатысушыларға жетекші халықаралық қайраткерлер мен заң тәжірибесінің барлық салаларындағы сарапшылардың пікірін тыңдауға мүмкіндік береді.
Конференцияға қатысу шарттарын білу үшін келесі сілтемелер арқылы тіркелуге болады:
IBA сайты: https://www.ibanet.org/conference-details/CONF2421
LinkedIn: https://www.linkedin.com/feed/update/urn:li:activity:7170358739676438529/
Twitter: https://twitter.com/IBAevents/status/1764672431971545341