AEA-EAL Халықаралық онлайн дауларды шешу орталығымен (International Online Dispute Resolution Centre) бірлесіп адвокаттарды Zoom алаңшасында 2024 жылдың 18 сәуірінде орталық еуропа уақыты бойынша сағат 12:00-де өтетін «Шекаралық іскерлік даулардағы медиация» вебинарына шақырады (Астана уақытымен 15:00).
Спикерлер іскерлік мәмілелерді жасауда медиацияны қолдану мәселелерін талқылайды. Тәжірибелі медиаторлар мен адвокаттар іскерлік және халықаралық келіссөздердегі өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөліседі.
Вебинарға қатысу тегін.
Қазақстан Ұлттық адвокаттар алқасына сілтеме жасап office@aea-eal.eu электрондық поштаға жазыңыз және вебинардың онлайн трансляциясына сілтеме алыңыз.
Вебинар ағылшын тілінде өтеді.