Бұған дейін РАА-ның «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен кездесуі аясында өзара келісім бойынша «Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық "Е-Заң көмегі" жүйесі н әзірлеу, ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету бойынша келісімді бұзу жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізілді. РАА «ҰАТ» АҚ-на шартты бұзу туралы келісім жобасын жіберді.
АЖ заң қызметтерін ұсыну және алу үшін платформа болып табылатын
«ҰАТ» АҚ мәліметінше, РАА мен «ҰАТ» АҚ арасында жасалған келісім 2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап бұзылады. Ақпараттық жүйені пайдаланғаны үшін адвокаттардан ақы алынбайды.
Сонымен бірге, ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекет балансына қабылданғандықтан, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның шеңберінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету ұйымдастыруы жүйе арқылы алдыңғы тәртіппен жалғасады.