home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА ТӨРАҒАЛЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ПІКІРСАЙЫСТАРЫ 15 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

РАА ТӨРАҒАЛЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ПІКІРСАЙЫСТАРЫ 15 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

РАА ТӨРАҒАЛЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ПІКІРСАЙЫСТАРЫ 15 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ
11.11.2025

2025 жылғы 15 қарашада сағат 10:00-де Республикалық адвокаттар алқасының кеңсесінде РАА төрағалығына үміткерлердің пікірсайыстары өтеді.

Іс-шара үміткерлер үшін офлайн форматта ұйымдастырылады, ал Zoom платформасында және РАА-ның ресми Facebook парақшасында онлайн тікелей эфир жүргізіледі.

Адвокаттар үшін Zoom арқылы қатысу алдын ала тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

Тіркеу сілтемесі РАА-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Тіркеу нысанын толтырғаннан кейін қосылу сілтемесі көрсетілген электронды пошта мекенжайына жіберіледі.

Пікірсайыстардың мақсаты – барлық үміткерлер үшін ашықтық пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ адвокаттармен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік беру.

Модераторлар регламенттің сақталуын, тең жағдай мен сөз уақытының әділ бөлінуін қадағалайды.

РАА Төралқасы бекіткен пікірсайыс өткізу тәртібіне сәйкес бағдарлама төмендегідей кезеңдерден тұрады:

* үміткерлердің өздерін және басты басымдықтарын қысқаша таныстыруы;

* жеребе арқылы анықталған сұрақтарға жауап беру;

* үміткерлердің бір-біріне қойған сұрақтары;

* аудиториядан барлық қатысушыларға қойылатын сұрақтар;

* қорытынды сөздер.

Онлайн трансляция тікелей эфирде көрсетіледі, ал пікірсайыстардың жазбасы Республикалық адвокаттар алқасының мұрағатында сақталады.

Ұйымдастырушы – Республикалық адвокаттар алқасы (РАА).

Zoom платформасына қосылу мен техникалық қолдау көрсеткені үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасының басшылығына алғыс білдіреміз.