home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Адвокаттар Абайдың 180 жылдығына арналған футзал турнирін өткізді

Адвокаттар Абайдың 180 жылдығына арналған футзал турнирін өткізді

Адвокаттар Абайдың 180 жылдығына арналған футзал турнирін өткізді
28.04.2025

26-27 сәуірде Семей қаласында Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған адвокаттар арасында ABAY CUP футзал турнирі өтті.

Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы Абай облысының адвокаттар алқасы болды.

Турнирге Астана қаласы және Абай облысы адвокаттар алқасы, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы,, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы және Алматы облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Бірінші күні топтық кезең өтті, оның қорытындысы бойынша жартылай финал, одан кейін үшінші орын үшін матч және финал өтті.

Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды Астана қаласы адвокаттар алқасының командасы, екінші орынды – Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, ал бірінші орынды Алматы қалалық адвокаттар алқасының командасы иеленді.

Астаналық адвокат Төлеген Қосмағамбетов үздік қорғаушы, павлодарлық адвокат Асхат Науанов турнирдің үздік қақпашысы, Ербол Бердәлі (Алматы ҚКА) үздік шабуылшы, ал Әмір Бегдсенов (Алматы ҚКА) үздік ойыншы болып танылды.

Жеңімпаздарға естелік кубоктар табысталды.

Турнир аясында қатысушылар Абай өмірінің соңғы 10 жылын өткізген Жидебай қыстауына барды. Жарысқа қатысушылар тарихқа үңіліп, Абай өңірінің сұлулығын өз көзімен көре алды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы жылдың ақпанында өткен Адвокаттар алқасының республикалық конференциясы осы күзде Хорватияда өтетін адвокаттар арасындағы футболдан әлем чемпионатына Қазақстан адвокатурасының құрама командасын жіберу туралы шешім қабылдады.