home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Адвокаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Адвокаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Адвокаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды
08.09.2025

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 964 Жарлығымен Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу, сондай-ақ Конституцияның 30 жылдығын атап өту мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалды.

ҚР Конституциялық Сотының Төрайымы Эльвира Әбілхасымқызы Азимованың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 978 Жарлығы негізінде Игорь Вранчев, Сергей Сизинцев, Дельманов Сисенбай, Айдана Нұркеева «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.

Адвокаттар бұл жоғары мемлекеттік наградаға Республикалық адвокаттар алқасының мүдделерін конституциялық іс жүргізуде білдіруге белсенді қатысқаны үшін ие болды.

Марапаттау адвокаттардың азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы және құқықтық мемлекетті нығайтудағы еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Марапаттар бүгін Республикалық адвокаттар алқасының кеңсесінде табыс етілді.