Заңнаманың тез өзгеруі және оны іс жүзінде қолдану, адвокаттық қызметтің нысандары мен әдістерінің жетілдірілуі адвокаттардың үнемі және үздіксіз білімі мен біліктілігін арттыру қажеттілігін айқындайды.
Біліктілікті арттыруды адвокаттар аумақтық алқалар немесе басқа аккредиттелген ұйымдар жанынан құрылған біліктілікті арттыру орталықтарында жүзеге асырады.
26 желтоқсанда РАА Төралқасының отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар ұйым ретінде аккредиттеу туралы шешім қабылданды.
Адвокаттар тиісті салаларында заң ғылымы мен практикасының жаңа білімді қай ұйымда алу керектігін өз бетінше шешуге құқылы.