home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
21.02.2022

19 ақпанда онлайн форматта өткен адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы өз регламентін, Республикалық адвокаттар алқасының жұмыс органдарының қызметін реттейтін бірқатар ережелерді, сондай-ақ 2022 жылға арналған шығыстар сметасын бекітті және РАА Жарғысына толықтырулар енгізді.


Конференция сегіз сағаттан астам уақытқа созылып, оның барысында делегаттар Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының жұмысымен танысты, РАА Тексеру комиссиясының есебін бекітті, адвокатураның тәртіптік комиссиясының қызметі туралы ақпаратты тыңдады.

 

Жарғыға ұсынылатын түзетулердің әрбір тармағы бойынша қызу талқылаулар мен дауыс беру барысында республикалық органның бас құрылтай құжатына үнемделген жағдайда шығыстар сметасының баптары арасында ақша қаражатын қайта бөлу жөніндегі Төралқаның өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты толықтырулар енгізілді. Бұл ретте жалақы қоры бойынша шығыстарды ұлғайтуға тыйым салынды. Бұдан басқа, Төраға орынбасарларының санын арттыру мәселесі қарастырылды. Талқылау нәтижесінде Төраға орынбасарлары тек қажет болған жағдайда және тек қана өз құрамынан, РАА Төралқасы бекіткен штаттық кесте аясында жалақы алатын, сондай-ақ сайланатын мүше РАА жұмыс органының басшысы болған жағдайда ғана сайлауға қатысуға құқылы екендігі бекітілді.

Конференция РАА жұмыс органдарының және мемлекеттік органдар жанындағы түрлі қоғамдық кеңестерде, жұмыс топтарында және басқа да осы тектес құрылымдарда жұмыс істейтін адвокаттардың қызметін реттеу мақсатында РАА төрағасының олардың қызметін үйлестіру мәселелері жөніндегі өкілеттіктерін бекітті.


Жаңа редакциядағы адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ереженің жобасын талқылау барысында Батыс Қазақстан өңірі адвокаттарының комиссия қорытындысы келіп түскен кезде РАА төрағасы мен Төралқасының шешім қабылдау тәртібін нақтылауға қатысты ұсыныстары ескерілді.

Талқылау қорытындысы бойынша РАА Жоғары органы Ғылыми-консультативтік кеңес, Адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия және Тексеру комиссиясы туралы ережелерді бекітті.

Сондай-ақ, Конференция адвокаттардың кәсіби этика кодексінің кейбір ережелерін оны 2018 жылғы бейіндік заңға сәйкес келтіру мақсатында өзектендірді.

Жоғары органның делегаттары күн тәртібінен адвокаттардың БАҚ-тағы мінез-құлық қағидаларын бекітуді алып тастау туралы шешім қабылдады. Аталмыш шешім қабылдау барысында жиналысқа қатысушылар адвокаттардың БАҚ-тағы мінез-құлқы мәселесі тұтастай алғанда адвокаттардың Кәсіби этика Кодексімен қамтылғанын айтып, ортақ пікірге келді.


Бекітілген құжаттардың мәтіндері республикалық алқаның интернет-сайтында орналастырылады.