Республикалық адвокаттар алқасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған РАА Төралқасының мүшесі, адвокат Айман Мұратқызы Омарованы құттықтайды.
Айман Омарова — Қазақстан адвокатурасының белсенді азаматтық ұстанымы бар көрнекті өкілдерінің бірі. Ол «Құрмет» орденінің кавалері, АҚШ Мемлекеттік департаменті «Women of Courage» (2018) сыйлығының лауреаты, «Stefanus» марапатының иегері, 2024 жылы Құқық қорғаушы (Норвегия) болып танылған, сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін бірқатар басқа да мемлекеттік және халықаралық марапаттарға ие.
Айман Омарова Ұлттық құрылтайдың мүшесі және әлеуметтік осал азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған «Адал көмек» волонтерлік жобасының жетекшісі. Қазіргі кезде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құқықтық және психологиялық көмек көрсету бойынша “One-Stop-Service” жобасының жетекшісі.
Айман Мұратқызы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, әйелдер мен балалардың құқығын бұзу сияқты эмоциялық тұрғыдан ең қиын істерді жиі қабылдайды. Бұл тақырыптар заңгерлік білімді ғана емес, сонымен қатар үлкен ішкі төзімділікті, жанашырлықты және батылдықты талап етеді.
Айман Мұратқызына жаңа жауапты қызметте табыс, төзімділік және шабыт тілейміз!