home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары 2023 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАЗАН. АСТАНА – «МЫҚТЫ АДВОКАТУРА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ» – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТТАРДЫҢ VII-ФОРУМЫ

2023 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАЗАН. АСТАНА – «МЫҚТЫ АДВОКАТУРА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ» – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТТАРДЫҢ VII-ФОРУМЫ

2023 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАЗАН. АСТАНА – «МЫҚТЫ АДВОКАТУРА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ» – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТТАРДЫҢ VII-ФОРУМЫ
18.08.2023

2023 жылғы 6 қазанда «Мықты адвокатура - құқықтық мемлекеттің тірегі» Қазақстандық адвокаттардың VII-форумы өтеді. Бұл адвокатураның жетекші  мамандары мен халықаралық сарапшылары әлемде заң кәсібіне әсер ететін соңғы оқиғалар мен өзекті мәселелерді талқылайтын Орталық Азия аймағындағы басты іс-шара.

Дүние жүзінің көптеген озық елдеріндегі адвокатура институттарының өзіндік құрылу тарихы, өзіндік дәстүрлері бар. Алайда олардың барлығына тән ортақ белгі бар – ол қоғам мүддесі үшін заң кәсібін реттеу және өз мүшелерінің мүдделеріне қызмет ету. Сондықтан тәуелсіз, құзыретті, этикалық, біртұтас және өзін-өзі реттейтін адвокатура ұйымы әлемнің көптеген елдерінде жақсы жұмыс істейтін құқықтық жүйелердің маңызды тірегі болып танылады.

Кәсіби заң қызметінің ең өзекті мәселелері бойынша шешімдерді әзірлеу, халықаралық әріптестермен қарым-қатынас орнату және құқықтық мемлекет жолында Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін пікір алмасу күтілуде.

Форум спикерлері ретінде Халықаралық адвокаттар қауымдастығы (IBA), Азиялық адвокаттар қауымдастығы (LAWASIA), Еуропаның адвокаттар мен заң қоғамдары кеңесі (CCBE), Америкалық адвокаттар қауымдастығы (ABA ROLI) секілді ірі халықаралық адвокаттар бірлестіктер басшылығының өкілдері жарияланды. Сонымен қатар, форумға Германия, Ирландия, Сингапур, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Грузия, Армения елдері адвокатураларының басшылары да қатысады. Сондай-ақ, форумға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері мен орталық мемлекеттік органдардың басшылары да қатысады деп күтілуде.

«Мықты адвокатура - құқықтық мемлекеттің тірегі» Қазақстандық адвокаттардың VII-форумы «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өткізіледі. Қатысу шарттары мен форум бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады

 «МЫҚТЫ АДВОКАТУРА – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТТАРДЫҢ VII-ФОРУМЫ