Адвокатура күні кәсіби мерекесі қарсаңында РАА Төралқасының бірауыздан қабылданған шешімімен астаналық адвокаттар алқасының адвокаты БЕЙСЕМБАЕВА БОТАКОЗ БАЙМАҒАМБЕТОВНА адвокаттық қауымдастығының жоғарғы дәрежелi ерекшелік белгісі – «ҚАЗАҚСТАН АДВОКАТЫНЫҢ АЛТЫН БЕЛГІСІ» иегері атанды.
Бір жыл ішінде азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолындағы жанқиярлық қызметі және еліміздің адвокатурасының биік мұраттарына адалдықтың үлгісі болғаны үшін бір адвокатқа жоғары марапат беріледі.
Ботакөз Баймағамбетовна Астана қалалық адвокаттар алқасының негізін қалаушылардың бірі. Алқаны құру кезінде ол алқаның бірінші жарғысын және басқа да бірқатар ұйымдастырушылық құжаттарды әзірледі. Төралқаның бірінші құрамын және алқаның жұмыс органдарын құруға белсенді атсалысып, жаңа астанамызда білікті заң көмегін көрсетуді ұйымдастыруға қатысты, кешенді мәселелерді шешті.
Ботакөз Баймағамбетовнаның адвокаттық тәжірибесі қырық жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде ол өзін адвокаттардың арасында мінсіз, жоғары кәсіби жұмыстың үлгісі ретінде көрсетті, олардың көпшілігіне тәлімгер де болды. Ол өз жұмысында тектілік, шынайы үгіт-насихат мәдениеті мен адвокаттық шеберлігінің үлгілерін көрсетті.
Өзінің адалдығымен және жүйелілігімен ерекшеленетін Ботакөз Баймағамбетовна қазақстандық адвокатураның құндылықтары мен дәстүрлерін сақтауға бар күш-жігерін салып жүр.
Бейсембаева Ботакөз Баймағамбетовнаны жоғарғы наградасымен құттықтай отырып, зор денсаулық, кәсіби қызметінде табыс және барлық істе бақ-береке тілейміз!