home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ҚР ЖС: ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚР ЖС: ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚР ЖС: ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
09.04.2026

2026 жылғы 09 сәуірде Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кезекті жалпы отырысы өтті.

Отырысқа сот алқаларының төрағалары мен Жоғарғы Сот судьялары, ғылыми қоғамдастық өкілдері, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметшілер мен заң мамандығының өкілдері қатысты. Республикалық адвокаттар алқасынан төраға орынбасары Аманжол Мухамедьяров қатысты.

Отырыс шеңберінде Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы Аслан Тукиев әкімшілік рәсімдік-процестік заңнаманы қолданудың жекелеген мәселелеріне арналған нормативтік қаулының жобасын ұсынды.

Бұған дейін осы жобаға Республикалық адвокаттар алқасының ғылыми-консультативтік кеңесі 2026 жылғы 9 ақпанда ұсыныстар бекітіп, жолдаған болатын. Оларда адвокаттық қоғамдастық әкімшілік талап қоюды қабылдау туралы мәселені шешу кезінде формальды тәсілді шектеуді, істің мән-жайларын зерттеу кезінде соттың белсенді рөлін күшейтуді және дәлелдемелерді жинауға жәрдемдесуді қоса алғанда, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту қажеттігіне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін олардың уәжділігі, адалдығы мен пропорционалдылығы тұрғысынан бағалау қажеттігіне баса назар аударды.

Жалпы алғанда, соттар әкімшілік рәсімдік-процестік заңнаманың нормаларын дұрыс қолданады, бұл ретте құжат сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғау басымдығымен жария және жеке мүдделер теңгеріміне бағдарланған тәсілдерді дамытуға бағытталған.

Жобада істің мән-жайларын зерттеу кезінде соттың белсенді рөлін, дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын бағалаудың тәсілдерін қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізудің түйінді тәсілдері бекітіледі. Талқылау қорытындысы бойынша нормативтік қаулы жалпы отырыста мақұлданды.

Құжат Жоғарғы Соттың сайтында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға тиіс.