home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық адвокаттар алқасында Шэньчжэнь қаласы (ҚХР) Әділет басқармасының делегациясымен кездесу өтті.

Республикалық адвокаттар алқасында Шэньчжэнь қаласы (ҚХР) Әділет басқармасының делегациясымен кездесу өтті.

Республикалық адвокаттар алқасында Шэньчжэнь қаласы (ҚХР) Әділет басқармасының делегациясымен кездесу өтті.
01.07.2026

2026 жылғы 30 маусымда Республикалық адвокаттар алқасының кеңсесінде Қытай Халық Республикасы Гуандун провинциясы Шэньчжэнь қаласы Әділет басқармасының делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар адвокаттық қызметті ұйымдастыру, заң қызметтері нарығын реттеу, заңгер кадрларды даярлау, тәртіптік тәжірибе, халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың адвокатурасы мен әділет органдарының қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасты.

Қытай делегациясының өкілдері Шэньчжэнь қаласындағы заң қызметтері жүйесінің ерекшеліктері, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы, заң практикасын жүзеге асыру шарттары туралы баяндап, кездесу қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қонақтарды Қазақстан Республикасындағы адвокатураны ұйымдастыру жүйесімен, РАА-ның негізгі қызмет бағыттарымен және адвокатура институтын дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының заңгерлер қауымдастықтары арасындағы кәсіби байланыстарды одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылық танытты.