home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары МӘЖІЛІСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ КОДЕКСТЕРІН ҚАРАУ БАСТАЛДЫ

МӘЖІЛІСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ КОДЕКСТЕРІН ҚАРАУ БАСТАЛДЫ

МӘЖІЛІСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ КОДЕКСТЕРІН ҚАРАУ БАСТАЛДЫ
03.05.2023

МӘЖІЛІСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ КОДЕКСТЕРІН ҚАРАУ БАСТАЛДЫ

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал ҚҰСПАН төрағалық еткен жұмыс тобының бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексті, Қылмыстық-процестік кодексі және Қылмыстық-атқару кодексі оңтайландыру туралы заң жобасы қаралды..

Заң жобасын Мемлекет басшысының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді қайта қарау қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес іс жүзінде жұмыс істемейтін немесе әділеттілікке кедергі келтіретін барлық нәрселерден арылу үшін Әділет министрлігі жанынан құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгер ғалымдар мен адвокаттардан құрылған Жобалық кеңсе әзірледі..

Заң жобасын әзірлеу барысында Жобалық кеңсе РАА-ның мынадай ұсыныстарын қолдады: адвокаттарға қылмыстық іс материалдарына қол жеткізу және сотқа дейінгі процесте сотқа ұсынылған барлық құжаттарымен танысу үшін көшірмелерін алу мәселелері бойынша көбірек мүмкіндіктер беру; қорғауға құқығы бар бұрын куә болған адамның айғақтарын дәлелдеме ретінде пайдалануға тыйым салуды енгізу; қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушыны сараптамаға жіберілгенге дейін барлық сараптама объектілерімен, оның ішінде арнайы жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен таныстыруға міндеттілігі; Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарын ескере отырып, адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында белгілі болған фактілерді теріске шығаруды жариялауы және т.б.

Бұл ретте, РАА депутаттарға Жобалық кеңседе қолдау таппаған ұсыныстарды және қылмыстық процесін жүргізудегі адвокаттардың рөлін арттыруға бағытталған қосымша ұсыныстарды жұмыс тобының қарауына енгізу мәселесімен жүгінеді.

Жалпы, заң жобасында қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге қатысты нормалар да бар:

  • азаматтардың қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартылуын болдырмау үшін қылмыстық істі қозғау және қылмыстық істі сотқа дейіңгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеу мәселелері;
  • елеулі бұзушылықтарды пысықтау үшін істі прокурорға қайтару мүмкіндігін болдырмау;
  • кәсіпкерлік субъектілерге тексерулер жүргізуді прокурормен міндетті түрде келісуді белгілеу;
  • тінту мен алуды жүргізгені үшін санкциялардың ұзақтығын белгілеу;
  • адамдардың өлімімен байланысты емес аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері бойынша кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында процессуалдық келісімдер жасасу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • жазаның пропорционалдылығын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше еселенген айыппұлдарды енгізу.

Сонымен қатар, бірқатар ұсыныстар қазіргі заманғы технологиялардың дамуын ескере отырып, қылмыстық процесті оңтайландыруға және дебюрократизациялауға қатысты:

  • қылмыстық істі электронды форматта жүргізу мүмкіндігі;
  • қашықтан жауап алу және бетпе-бет келу субъектілерінің шеңберін кеңейту;
  • Интернетте қылмыстық құқық бұзушылық болған жағдайда жәбірленушінің орналасқан жері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүмкіндігі.

ҚАК бойынша сұрақтардың ерекше тобы:

  • бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды атқару тәртібін жетілдіру;
  • пробация қызметінің жергілікті атқарушы органдармен ара-қатынасы;
  • қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібін өзгерту;
  • шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру;
  • сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту;
  • қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін қорғау және режимдік талаптарды күшейту.

Жалпы, 9 заңға 234 түзетуді қарау жоспарлануда.

Тұрғылықты негізде адвокаттардың мүдделерін жұмыс тобында РАА атынан А.Бикебаев, И.Вранчев, С.Сизинцев, Р.Қуанышбаева, Д.Қанафин, Қ.Қалиақпаров, А.Құсайынова, Н.Жолболов, С.Мусин, В.Ким, А.Рақымова қатысады.