home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Қазақстан адвокаттарының мерейтойлық спартакиадасы: ТӨРТ КҮНГЕ ҰЛАСҚАН СПОРТ, СЕЗІМ ЖӘНЕ БІРЛІК

Қазақстан адвокаттарының мерейтойлық спартакиадасы: ТӨРТ КҮНГЕ ҰЛАСҚАН СПОРТ, СЕЗІМ ЖӘНЕ БІРЛІК

Қазақстан адвокаттарының мерейтойлық спартакиадасы: ТӨРТ КҮНГЕ ҰЛАСҚАН СПОРТ, СЕЗІМ ЖӘНЕ БІРЛІК
04.08.2026

Тамыздың төрт күні бойы Бурабай адвокаттардың ауқымды спорт мерекесінің айрықша атмосферасына бөленді. Спорт алаңдарында жарыстар басталып, жанкүйерлердің қолдауы үзілмеді, қатысушылар әрбір доп, әрбір секунд және әрбір ұпай үшін аянбай күресті. Бұл күндері шешуші кездесулердің тартысы, жеңістің қуанышы, жеңілісті лайықты қабылдау, достық құшақтар және еліміздің әр өңірінен келген әріптестердің бір үлкен командаға айналған ерекше сәттерге толы болды.

2026 жылғы 1–4 тамыз аралығында Қазақстан адвокаттарының мерейтойлық республикалық спартакиадасы өтті. Ол еліміздің түрлі өңірлерінен келген өкілдердің басын қосып, жүлде сарапқа салынған жарыс қана емес, қарым-қатынас, өзара қолдау, достық және шынайы командалық рухтың алаңына айналды.

Спорт алаңдарында адвокаттар өздерінің жылдамдығын, күш-қуатын, төзімділігі мен дәлдігін, соңына дейін күресудегі табандылығын және қарсыласына деген құрметін көрсетті. Әрбір спорт түрі қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, өз жеңімпаздарын танытып, ұзақ уақыт есте сақталатын жарқын сәттерге толы болды.

Спартакиаданың басты жеңімпаздарының бірі Алматы қалалық адвокаттар алқасы болды. Команда бірден екі волейбол турнирінде алтын медаль, футболдан күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. Бұл ұйымшылдықтың, спорттық мінездің және тұрақты шеберліктің жарқын көрінісі болды.

Астана қаласының адвокаттар алқасы Спартакиаданың ең мықты командаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Елордалық спортшылар жекелей жарыстарда бірқатар жүлдені еншіледі, арқан тартудан күміс, ерлер арасындағы волейболдан қола жүлдегер атанып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы күш, төзімділік және қайсар мінез қажет болған сайыстарда ерекше көзге түсті. Арқан тартудан, қол күресінен, үстел теннисінен және әйелдер арасындағы 100 метрге жүгіруден жеңіске жетті. Нәтижесінде қарағандылық команда жалпыкомандалық есепте қола жүлдеге ие болды

Нағыз футбол мерекесін Павлодар облыстық адвокаттар алқасы сыйлады. Павлодарлықтар футболдан турнир жеңімпазы атанып, Денис Нуркиев жарыстың үздік қақпашысы деп танылды. Футбол турнирінің қола жүлдесін Абай облысының адвокаттар алқасының командасы жеңіп алды.

 

Командалық жарыстар

Арқан тарту:

1 орын – Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы

2 орын – Астана қаласының адвокаттар алқасы

3 орын – Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы

 

Әйелдер арасындағы волейбол:

1 орын – Алматы қалалық адвокаттар алқасы

2 орын – Түркістан облыстық адвокаттар алқасы

3 орын – Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы

 

Ерлер арасындағы волейбол:

1 орын – Алматы қалалық адвокаттар алқасы

2 орын – Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы

3 орын – Астана қаласының адвокаттар алқасы

 

Футбол:

1 орын – Павлодар облыстық адвокаттар алқасы

2 орын – Алматы қалалық адвокаттар алқасы

3 орын – Абай облысының адвокаттар алқасы

Жекелей жарыстар Спартакиаданың ең тартымды тарауларының біріне айналды. Жүгіру жолында жеңімпазды секундтың жүзден бір бөлігі айқындаса, күш сынасатын сайыстарда қатысушылар өздерінің қайсарлығы мен төзімділігін паш етті. Ал шахмат тақтасы мен бильярд үстелінде жеңіске салқынқанды ойлау, дәл есеп пен мүлтіксіз дәлдік жеткізді.

Жекелей жарыстар

 

Ерлер арасындағы 100 метрге жүгіру:

1 орын: Акимбаев Хаким Рахметоллинович, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы

2 орын: Сейдимбек Айбар Асылханұлы, Астана қаласының адвокаттар алқасы

3 орын: Төленді Айдос Нұрдәулетұлы, Шымкент қаласының адвокаттар алқасы

 

Әйелдер арасындағы 100 метрге жүгіру:

1 орын: Тимощенко Мария Владимировна, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы

2 орын: Рахымберді Маржан Нұрланқызы, Шымкент қаласының адвокаттар алқасы

3 орын: Биримжанова Асель Болатовна, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы

 

Турникке тартылу:

1 орын: Бейсенов Нұрсұлтан Қайратұлы, Астана қаласының адвокаттар алқасы және Нуркешев Талгат Серикович, Қостанай облыстық адвокаттар алқасы

2 орын: Тукеев Нурболат Ералиевич, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы

3 орын: Досбаев Ерболат Серикович, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы

 

Гір көтеру:

1 орын: Камидулинов Руслан Миргалиевич, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы

2 орын: Кожекенов Галым Ғалиұлы, Абай облысының адвокаттар алқасы

3 орын: Ишмаметов Дамир Нуритденович, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы

 

Қол күресі:

1 орын: Мархиев Магомед Абоевич, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы

2 орын: Мухатаев Даулет Мұратұлы, Алматы қалалық адвокаттар алқасы

3 орын: Камидулинов Руслан Миргалиевич, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы

 

Ерлер арасындағы шахмат:

1 орын: Курмангалиев Қайрат Ғалиевич, Астана қаласының адвокаттар алқасы

2 орын: Зәуірбекұлы Жантөре, Алматы қалалық адвокаттар алқасы

3 орын: Газиев Нурлан Абдуламитович, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы

 

Әйелдер арасындағы шахмат:

1 орын: Дуйсенбаева Аида Сұлтанбекқызы, Астана қаласының адвокаттар алқасы

2 орын: Алимбекова Камилла Рамильевна, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы

3 орын: Тусупбекова Гулайдар Капаркулқызы, Алматы қалалық адвокаттар алқасы

 

Әйелдер арасындағы үстел теннисі:

1 орын: Тортаева Айгерім Қабдырмұратқызы, Астана қаласының адвокаттар алқасы

2 орын: Заварзина Дарья Александровна, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы

3 орын: Науразбаева Гульмира Касентаевна, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы

 

Ерлер арасындағы үстел теннисі:

1 орын: Токтамысов Берик Кабдикаримович, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы

2 орын: Идрисов Равиль Дамирович, Алматы қалалық адвокаттар алқасы

3 орын: Чайко Игорь Владимирович, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы

 

Бильярд:

1 орын: Ким Леонид Иларионович, Алматы қалалық адвокаттар алқасы

2 орын: Кошанов Убайдулла Кайрлович, Астана қаласының адвокаттар алқасы

3 орын: Касымбаев Канат Каирканович, Алматы облыстық адвокаттар алқасы

 

Командалық турнирлердің үздік ойыншылары:

Командалық жарыстарда ойын барысына ерекше ықпал еткен спортшылар марапатталды. Олардың сенімділігі, дәлдігі мен шеберлігі футбол және волейбол кездесулерінің көркін аша түсті.

Футбол:

Үздік қорғаушы: Тусуббеков Бауыржан, Абай облысының адвокаттар алқасы

Үздік қақпашы: Нуркиев Денис, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы

Үздік ойыншы: Ербосынов Айбек, Алматы қалалық адвокаттар алқасы

Үздік сұрмерген: Куанбаев Абылай, Астана қаласының адвокаттар алқасы

 

Әйелдер арасындағы волейбол:

Үздік шабуылшы: Мутерко Виктория, Алматы қалалық адвокаттар алқасы

Үздік тосқауыл қоюшы: Алимбекова Гульмира, Түркістан облыстық адвокаттар алқасы

Үздік байланыстырушы: Жунусова Динар, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы

 

Ерлер арасындағы волейбол:

Үздік шабуылшы: Канафин Ербол, Астана қаласының адвокаттар алқасы

Үздік тосқауыл қоюшы: Фатихов Владислав, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы

Үздік байланыстырушы: Игорь Пан, Алматы қалалық адвокаттар алқасы.

Спартакиада жанкүйерлерсіз дәл мұндай әсерлі болмас еді. Олардың қолдауы, көтеріңкі үні мен ыстық ықыласы спорт алаңдарында ерекше атмосфера қалыптастырып, әрбір спортшыға соңына дейін күресуге жігер сыйлады. Спорттық дәстүрлерді қолдап, адвокаттар қауымдастығының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қолдауы үшін барлық адвокаттар алқаларының жанкүйерлер командалары Алғыс хаттармен марапатталды.

Тартысты жарыстар мен қызу өткен матчтардан кейін қатысушылар шығармашылық кеште бас қосты. Бұл кеш адвокаттардың тағы бір қырын ашты. Әсем әндер шырқалып, көрермендер өнер иелерін ыстық ықыласпен қолдап, зор қошемет көрсетті. Спорт мерекесі әуезді әннің, еркін әңгіменің және көтеріңкі көңіл күйдің әсем үйлесіміне ұласты.

Қатысушыларға жарқын өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлаған әріптестерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз.

Медальдар табысталып, кубоктар өз иелерін тапты. Спорт алаңдары да бос қалды. Алайда осы төрт күннің басты қорытындысы турнирлік кестелермен ғана өлшенбейді. Спартакиада адвокаттар қауымдастығын тек ортақ мамандық пен ортақ құндылықтар ғана емес, бір-біріне демеу бола білу, лайықты бәсекелесу, әріптестерінің жетістігіне шынайы қуана білу және қандай жағдайда да бірге болу қасиеті біріктіретінін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Осы күндері адвокаттар бір-бірін тек сот залдарында, жұмыс кездесулерінде немесе кәсіби пікірталастарда ғана емес, спорт алаңында, бір команда сапында, жеңіс пен жеңілісті қатар бөліскен сәттерде де жаңа қырынан таныды. Осындай кездесулер адвокаттар қауымдастығының бірлігін нығайтып, оны өміршең, берік әрі шынайы тұтас қауымдастыққа айналдырады.

Республикалық адвокаттар алқасы барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, Спартакиаданың барлық қатысушыларына адал бәсекесі, өзара сыйластығы, жарқын әсерлері және спорттық дәстүрлерге деген құрметі үшін зор алғыс білдіреді.

Спартакиаданы ұйымдастыру мен өткізуге атсалысқан Ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне, төрешілерге және барлық ұйымдастырушыларға ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Әрбір жарыстың, әрбір матчтың, марапаттау рәсімі мен мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуінің артында сіздердің жауапкершіліктеріңіз, ұйымшыл еңбектеріңіз және қатысушыларға деген шынайы жанашырлықтарыңыз жатыр.

Мерейтойлық Спартакиада өз мәресіне жетті. Бірақ осы төрт күннің сыйлаған жарқын әсерлері, жаңа достықтары мен ұмытылмас сәттері әрбір қатысушының жүрегінде ұзақ сақталатыны анық. Келесі Спартакиадада, спорт алаңдарында қайта қауышқанша, қадірлі әріптестер!