home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
29.01.2024

2024 жылғы 27 қаңтарда адвокаттар алқаларының жыл сайынғы республикалық конференциясы өтті, оған барлық аЙмақтық адвокаттар алқаларынан жүзден астам делегат қатысты.
Конференция делегаттары РаА Төралқасының 2022 жылғы 23 қарашадан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы, оның ішінде 2023 жылға арналған шығыстар сметасын орындау туралы есептерді, сондай-ақ қаржылық-экономикалық РАА-ның жұмыс қорытындылары, адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясының жұмысы туралы есептерді бекітті.
РАА Төралқасының толық есебімен Республикалық адвокаттар алқасының YouTube-каналында https://www.youtube.com/watch?v=Br85W1pPbsI&t=135s танысуға болады. Сондай-ақ РАA веб-сайтында «Құжаттар» бөлімінде Тексеру комиссиясының және Адвокатураның тәртіптік комиссиясының есептерімен таныса аласыз.
Сонымен қатар, конференция делегаттары адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясы құрамынан өз өтініштерімен шыққан мүшелерінің орнына Назар Темербайұлы Абинов (Астана қаласының адвокаттар алқасы), Анар Мұхадесқызы Есламғалиева (Алматы қаласы адвокаттар алқасы) және қоғам өкілі ретінде Марат Иманғалиұлы Жұмағұлов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері жаңа үш мүшесі сайланды.Ал Малюкова Ю.А., Сисимбаева Л.И., Хамитов Т.Н. адвокаттар қосалқы құрамға сайланды.
Сондай-ақ РАА-ның жоғары органы РАА Ғылыми-консультативтік Кеңесі туралы ЕрежегеРАА ҒКК мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарды күшейту, ҒКК хатшысының функциялары нақтылау және РАА қызметкерлерінің міндеттері айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия туралы Ережеге редакциялық түзетулер де Республикалық конференция делегаттары тарапынан мақұлданды.