home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
24.11.2022

2022 жылғы 22 қарашада Астана қаласында РАА жоғары органының жиналысы – Адвокаттар алқаларының Республикалық Конференциясы өтті.
Конференцияға барлық аумақтық алқалардың атынан 124 делегат, сондай-ақ адвокаттар арасынан бақылаушылар қатысты.


Іс-шара барысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев РАА Төралқасының өткен кезеңдегі жұмысы туралы есеп берді.

Жалпы статистикалық ақпарат келтірілді, РАА командасын қалыптастыру және нығайту жөніндегі қызмет жарияланды, осы кезеңде өзгерістерге ұшыраған ішкі нормативтік құжаттар тізімделді.


Сонымен қатар, РАА төрағасы адвокаттық қоғамдастықтың басты стратегиялық құжаты – Қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасының қабылданғанын еске салып, оны іске асыруда қабылданған шаралар туралы айтты. Есеп беру барысында адвокатураның қазіргі түйткілді мәселелері және оларды шешуге бағытталған РАА қызметі айтылды: адвокаттардың заң шығару қызметіне қатысуы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық.


Сондай-ақ, делегаттарға РАА жұмысының нәтижелері туралы, оның ішінде Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі (МКЗК) саласында ақпарат ұсынылды. Мысалы, биылғы жылы жұмыс уақытынан тыс уақытта барлық тергеу әрекеттеріне адвокаттардың қатысуы үшін жоғары мөлшерлеме бойынша ақы төленді, сондай-ақ орындалған жұмыс үшін нақты алынған қаражаттан салықтарды уақытында төлеу үшін МКЗК төлеу мерзімдерін өзгертті. Кассациялық сатыда адвокаттың жұмсаған уақытын минуттық есептеуге келіспейтін адвокаттар берген талап-арызды қанағаттандыру жағдайы жеке атап өтілді.


Төраға РАА командасы қызметінің өзге нәтижелерімен бөлісті - сотта және сотқа дейінгі тергеу кезеңінде өз әріптестерін қорғау жүзеге асырылды, адвокаттар үшін бірқатар оқыту іс-шаралары өткізілді, РАА жаңартылған сайты іске қосылды. Сонымен қатар, тамыз айында Қазақстан адвокаттары арасында II Республикалық спартакиада өтті. Оған алғаш рет барлық аумақтық алқалардың өкілдері – 350-ден астам адвокат қатысты.

Өз сөзін қорытындылай келе, Айдын Бикебаев РАА алдында тұрған таяудағы мақсаттарды айтып, оларға қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді. РАА Төрағасының баяндамасымен толығырақ мына жерден танысуға болады (сілтеме).


Шара барысында РАА атқарушы директоры Айнаш Рақымова өткен жылғы РАА шығыстар сметасының орындалуы туралы есеп берді. Қатысушылардың назары шығындар сметадан асып кетпегендігіне аударылды, сонымен қатар оның бірнеше баптары бойынша үнемдеу болғандығын атап өтті.


Делегаттар РАА Төралқасының атқарған жұмысын жоғары бағалады және есеп бірауыздан бекітілді.


Республикалық адвокаттар алқасының есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері туралы РАА Тексеру комиссиясының есебі бойынша комиссия төрағасы Тұрсынхан Бұғабаева баяндама жасады. Есеп бірауыздан мақұлданды.


2023 жылға арналған РАА-ны ұстауға арналған шығыстардың сметасы бекітілді. Келесі жылы Қазақстандық халықаралық адвокаттар конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, делегаттардан РАА штатының жалақысына қатысты шығыстар бабын ұлғайту туралы ұсыныс келіп түсті, оны аумақтық алқалардың қалған өкілдері бірауыздан қолдады.


Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының төрағасы Данияр Канафин ұсынған есебі бекітілді, содан кейін Данияр Канафин РАА Төралқасының құрамына оның кандидатурасын ұсынуға байланысты өз еркімен Тәртіптік комиссия төрағасы қызметінен босатылды. Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты, Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Әсел Тоқаева Адвокатураның тәртіптік органының жаңа төрайымы болып сайланды.


Сондай-ақ, Тәртіптік комиссия мүшелері қатарынан қоғам өкілі Денис Кривошеев алынып тасталды, оның орнына з.ғ. д., профессор Исидор Борчашвили сайланды.
РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі мен адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпаратты делегаттардың назарына осы органдардың төрағалары – Сергей Сизинцев пен Таир Назханов ұсынды.

Сонымен қатар, техникалық сипаттағы адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы Ережеге заңнамаға сәйкестікке бағытталған өзгерістер мен толықтырулар бекітілді. 

Сондай ақ делегаттар өз өкілеттіктерінің аяқталуына байланысты РАА Төралқасының 30 мүшесін қызметінен босатты.
Жаңа мүшелер сайланып, Төралқаның келесі құрамы бекітілді:
1) АБДУЛИНА Эльвира Махсатқызы
2) Айтжанова Гаухар Алтынбекқызы
3) Акатова Сәуле Баршанқызы
4) Әлімғожина Галина Балғазықызы
5) Әміртаев Сапар Әбдірманұлы
6) Мұхтар Бүркітұлы БАТЫРБАЕВ
7) ВРАНЧЕВ Игорь Олегович
8) ДАРИБАЕВА Айжан Серікқызы
9) ДАУБАЛАЕВ Мейірбек Тілләбекұлы
10) Дельманов Сисенбай Сәрсембайұлы
11) ДЕМЕСИНОВ Алмас Аманболұлы
12) ЕВНИЕВ Рашид Бекитұлы
13) ЕГІЗБАЕВ Алтай Өмірбекұлы
14) ЖАҢАБИЛОВ Нұрлан Еркінұлы
15) ЖАНҚОБАЕВ Русланбек Жақсембайұлы
16) ЖОЛБОЛОВ Нұрлан Қайржанұлы
17) Қалбаев Нұраден Елемесұлы
18) Қалиақпаров Қалтай Шайхслямұлы
19) Қанафин Данияр Қайратұлы
20) Қасқырбай Алмат Досжанұлы
21) КОШЕКОВА Ирина Петровна
22) Кривоносов Виктор Викторович
23) Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы
24) Құсайынова Анара Бахытқызы
25) Масанова Инара Нұрболатқызы
26) МУЛАЗАКИРОВА Альфия Әбдіқадырқызы
27) Мұсаев Бауыржан Мұсайұлы
28) Мусин Сәлімжан Әлмұратұлы
29) Мырзамбетов Тоқтарбек Қамбайұлы
30) ОРЫНБЕКОВА Айгүл Серікбекқызы
31) Сергей Васильевич СИЗИНЦЕВ
32) Тлеужанова Света Саилауовна
33) Төлепбаева Алтынай Балтабайқызы
34) Омарова Айман Мұратқызы
35) ӨСЕТОВ Бақыт Сейілханұлы
36) Өтемісов Кошкимбай Зятович
37) Шағатаев Руслан Зайнуллович
38) Мейрам Жарылғапұлы ШАЙМЕРДЕНОВ
39) ШИКТЫБАЕВ Ешмұхамет Төлебайұлы
40) Шымырқұлов Естияр Жанысбекұлы

Іс-шара соңында қатысқан адвокаттарға 50-ден астам РАА марапаттары табысталды. Қатыспаған, бірақ ұсынылған адвокаттарды марапаттауды жергілікті жерлерде аумақтық алқалардың төрағалары жүзеге асыратын болады.


"Адвокаттың Алтын белгісі" жоғары наградасы енгізілгеннен бері алғаш рет РАА Төралқасы оны үш адвокатқа: Данияр Қанафинге, Абзал Құспанға, Айман Омароваға тапсыру туралы шешім қабылдағаны ерекше назар аударуға тұрарлық.


Сондай-ақ, "Адвокатураның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы РАА-ның бұрынғы төрағасы Әнуар Түгелге осы қызметтегі қызметі үшін берілді.


Адвокаттар алқаларының Республикалық Конференциясы Қазақстанның әнұранын салтанатты түрде тыңдаумен аяқталды.

Конференцияның барлық фотосуретін осы жерден жүктеп алуға болады