home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары «АДВОКАТУРАНЫҢ ТӘРТІПТІК ПРАКТИКАСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК, СТАНДАРТТАР, ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«АДВОКАТУРАНЫҢ ТӘРТІПТІК ПРАКТИКАСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК, СТАНДАРТТАР, ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«АДВОКАТУРАНЫҢ ТӘРТІПТІК ПРАКТИКАСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК, СТАНДАРТТАР, ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
20.02.2026

2026 жылғы 20 ақпанда «Адвокатураның тәртіптік практикасы: тәуелсіздік, стандарттар, жауапкершілік» тақырыбында халықаралық тәжірибелік конференция онлайн форматта өтті.

Үш сессиядан тұрған конференция аясында тәртіптік жауапкершілік пен адвокатураның тәуелсіздігі, тәртіптік жауапкершіліктің негіздері, сондай-ақ тәртіптік іс жүргізудің клиент пен адвокаттың құқығы ретіндегі мәні талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 860 адвокат қатысты.

Конференцияны Республикалық адвокаттар алқасының Адвокатураның тәртіптік комиссиясы төрағасы Токаева Асель Нұрмаханқызы ашты.

Құттықтау сөз сөйлегендер: Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мырзагараев Мади Жомартұлы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті мен заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Калимова Венера Қамысбайқызы.

Баяндамалармен шетелдік әріптестер — Мацей Якобувски (Польша), Кипнис Николай Матвеевич (Ресей), Татевик Шалджян (Армения), Сагитова Алия Қайгрелдиновна (Қырғызстан) сөз сөйлеп, өз елдеріндегі адвокатураның тәртіптік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Қазақстандағы адвокаттардың тәртіптік комиссияларын басқаратын қазақстандық спикерлер — Касимов А.А., Есламғалиева А.М., Ибраимбекова А.К., Гафарова Л.М., Носов П.Б. баяндама жасады.

Конференция жұмысына модераторлық еткендер: Токаева А.Н., Жумагулов М.И., Биримжанова А.Б.

Конференция барысында тәртіптік комиссиялардың тәуелсіздігі, тәжірибені біріздендіру, құқықбұзушылықтарды саралау өлшемдері, кәсіби әдеп мәселелері мен тәртіптік жауапкершіліктің шегі, сондай-ақ әділ тәртіптік талқылау стандарттары, процессуалдық кепілдіктер және клиент пен адвокат мүдделерінің теңгерімі кеңінен қарастырылды.

Өткізілген конференция Қазақстан Республикасындағы адвокатураның тәртіптік практикасы институтын дамытудағы маңызды қадам болды және кәсіби қауымдастықтың ашық диалогқа, сондай-ақ мамандықтың ішкі стандарттарын жетілдіруге дайын екенін көрсетті.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Конференцияны ұйымдастыру бастамасын Республикалық адвокаттар алқасының Адвокатураның тәртіптік комиссиясы көтерді.

Іс-шараның тең ұйымдастырушылары — Республикалық адвокаттар алқасы және Астана қаласы адвокаттар алқасының Біліктілікті арттыру орталығы. Конференция қатысушыларына адвокаттардың біліктілігін арттыру туралы сертификаттар табысталады.

РАА АТК төрағасы
Токаева Асель Нұрмаханқызы.