Қазақстан адвокатурасы үшін өтіп бара жатқан жыл маңызды оқиғалар мен шешімдерге толы кезең болды. Ол тек кәсіби пікірталас және бастамалармен ғана емес, ашық әрі демократиялық сайлаулардың өткізілуімен де есте қалды. Бұл сайлаулар ашықтық, жариялылық және адвокаттар қауымдастығының кең қатысуы сипатында өтті. Онлайн-дебаттар, бағдарламаларды таныстыру және ашық диалог — біздің мамандықтың жетілгендігі мен жауапкершілігінің айғағы болды.
Биыл адвокатура өзінің жеке үйіне ие болды — Республикалық адвокаттар алқасы кеңсесінің есігі еліміздің барлық адвокаттарына ашық. Бұл — кәсіби қарым-қатынас, өзара қолдау және ортақ ұстанымдар қалыптастыру орталығы.
Қазақстанның барлық адвокаттарына, қоғам қайраткерлеріне және адвокаттық қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысқан, жанашырларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Дәл осы біріккен ұстаным, өзара сыйластық және диалогқа дайындық арқылы Республикалық адвокаттар алқасының бастамаларын ілгерілетіп, мамандық алдында тұрған міндеттерді жүйелі түрде шешу мүмкін болып отыр.
Біз бірлескен күш-жігермен адвокатураның беделін одан әрі нығайтып, адвокаттардың кәсіби құқықтарын тиімді қорғап, азаматтардың сапалы заң көмегін алу конституциялық құқығын жүзеге асыра беретінімізге сенімдіміз.
Құрметті әріптестер мен достар, сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз.
Келер жыл сенімділік, тұрақтылық және кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер әкелсін. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз.