2025 жылдың 28 ақпанында онлайн форматта Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы өтті. Делегаттар есептерді бекітіп, адвокаттық қауымдастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.
Конференция барысында делегаттар 2024 жылға арналған Төралқаның, Ревизиялық комиссияның және Адвокатураның тәртіптік комиссиясының есептерін, сондай-ақ 2025 жылға арналған РАА-ны ұстауға арналған шығыстар сметасын бекітті.
РАА Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау
РАА Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының құрамына елдің әртүрлі өңірлерінен адвокаттық қауымдастықтың өкілдері кірді:
• Хамитов Тлек Нұрович (Атырау облыстық адвокаттар алқасы)
• Мусина Алма Отарбаевна (Алматы қалалық адвокаттар алқасы)
• Ажыгалиева Багдагуль Жаксылыковна (Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы)
• Дюсебаев Арман Аймухаммедович (Алматы облыстық адвокаттар алқасы)
Резервтік құрам:
• Қалиева Рысты Ерсейтқызы (Атырау облыстық адвокаттар алқасы)
• Амиргалиева Шырын Бауржановна (Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы)
• Васин Вячеслав Ильич (Ақмола облыстық адвокаттар алқасы)
Сонымен қатар, РАА Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының құрамына сот жүйесінде көпжылдық тәжірибесі бар отставкадағы судьялар сайланды.
• Касимов Акылтай Ахмеджанович – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2004–2024), қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасын қоса алғанда, негізгі лауазымдарды атқарған. Сонымен қатар Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот Жюриін басқарды.
• Кожан Толебай Ажибекулы – сот практикасы мен құқық қолданудың дамуына елеулі үлес қосқан 1996 жылдан 2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.
РАА Ревизиялық комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау
РАА Ревизиялық комиссиясының құрамына кіргендер:
• Абдулин Бауржан Абатович (Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы)
• Жанбаев Мурат Акынович (Алматы қалалық адвокаттар алқасы)
• Укасова Жаныл (Ақмола облыстық адвокаттар алқасы)
• Гаврилова Надежда Константиновна (Астана қаласының адвокаттар алқасы)
• Токсабина Динара Габитовна (Астана қаласының адвокаттар алқасы)
Комиссия төрағасы болып Абдулин Бауржан Абатович сайланды.
Конференцияның қарары қабылданды
Конференция делегаттары адвокатураның мәртебесі мен тәуелсіздігін, сондай-ақ азаматтарға білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелерін қозғайтын бірқатар заңнамалық бастамалар бойынша адвокаттар қауымдастығының ұстанымын көрсететін қарар қабылдады.
Адвокаттардың сенім білдірушілерді қорғау үшін ақпарат сұрату мүмкіндігін шектейтін түзетулер ерекше алаңдаушылық туғызды, бұл азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін төмендетеді. Осыған байланысты конференция бұл ережелерді заң жобасынан алып тастауды қолдады.
Сондай-ақ, адвокатураны реттеу бөлігінде Әділет министрлігінің өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты ұсыныстар қаралды. Делегаттар мұндай өзгерістер адвокаттық қауымдастықтың тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін атап өтіп, реттеудің қолданыстағы тәртібін заң деңгейінде сақтау қажеттігі туралы пікір білдірді.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекск енгізілген өзгерістер талқыланды, олар заң консультанттарына қорғаушы ретінде шығу құқығын береді. Конференция қатысушылары бұл өзгерістер Конституцияға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келетінін атап өтіп, бұл мәселені Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының қарауына жіберуді ұсынды.
Сонымен қатар, талқылау барысында заң көмегі саласын дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегия әзірлеу қажеттілігі атап өтілді. Қарарда азаматтарға заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және бекіту туралы ұсыныс көрсетілген. (сілтеме: қарар туралы жаңалық)