home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық адвокаттар алқасы сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Республикалық адвокаттар алқасы сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Республикалық адвокаттар алқасы сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтайды!
04.06.2026

Құрметті қазақстандықтар! Құрметті әріптестер!

Республикалық адвокаттар алқасы сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтайды!

4 маусым - барша азаматтарды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіретін ерекше күн. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран - тәуелсіз Қазақстанның, оның тарихының, бірлігі мен даму жолындағы ұмтылысының айқын нышандары.

Мемлекеттік рәміздер тек мемлекеттіліктің ресми белгілері ғана емес. Олардың артында еліміздің өркендеуіне күн сайын өз еңбегімен үлес қосып жүрген миллиондаған азаматтардың маңдай тері мен адал еңбегі тұр. Ұстаздар мен дәрігерлер, жұмысшылар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғам өкілдері, адвокаттар мен заңгерлер - өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал қызмет ететін әрбір азамат Қазақстанның беделі мен болашағын нығайтуға үлес қосады.

Адвокаттар қауымдастығы үшін бұл мереке заңға құрметтің, адам құқықтарын қорғаудың және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтудың маңызын тағы бір мәрте еске салады. Бұл міндеттердің барлығы әділетті әрі құқық үстемдігі орныққан Қазақстанды қалыптастыру жолындағы ортақ мақсатпен сабақтас.

Осы мерекелі күні барша отандастарымызға зор денсаулық, амандық, татулық, бақ-береке, ертеңгі күнге сенім және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз.

Мереке құтты болсын!