home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық адвокаттар алқасы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтайды!

Республикалық адвокаттар алқасы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтайды!

Республикалық адвокаттар алқасы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтайды!
09.05.2026

Республикалық адвокаттар алқасы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтайды!

9 Мамыр - соғыс қиындықтарын бастан кешіп, елдің болашағы үшін барын салған аға ұрпаққа деген естелік, алғыс пен терең құрмет күні.

Уақыт өте келе бейбітшілік пен бірліктің, тыныштық пен адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін біз айқын түсініп келеміз. Ардагерлердің ерлігі тек өткеннің тарихы емес, ол ерлікке, абыройға, рухтың биіктігі мен қайсарлығына жетелейтін, бүгінгі және келер ұрпаққа аманат етілген терең рухани өнеге.

Бұл күні біз майданда қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне шынайы алғыс білдіреміз. Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, береке-бірлік, амандық және ертеңгі күнге сенім тілейміз.

Еліміздің аспаны әрдайым ашық, тыныш болсын.

Жеңіс күні құтты болсын!