2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Осылайша, Ата заң жобасын пысықтау кезеңі аяқталып, азаматтардың тікелей ерік білдіруіне қатысты конституциялық реформаның келесі әрі шешуші кезеңі басталды.
Адвокатура конституциялық деңгейде белгіленді
Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ұсынылып отырған түзетулердің мәні адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың бірыңғай кепілдіктер жүйесін қалыптастыру екендігін атап өткен болатын. Осы тұрғыда Президент адвокаттық қауымдастықтың ұсынысы бойынша жаңа Конституция жобасына алғаш рет адвокатура туралы жеке бап енгізілгенін ерекше атап өтті.
Кеше Конституциялық Соттың Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы Эльвира Әзімова атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығара отырып, азаматтық және заңгерлік қауымдастықтардың, оның ішінде адвокаттардың бастамаларының елеулі бөлігі жан-жақты талданып, жоба мәтінінде көрініс тапқанын хабарлады. Енгізілген нормалардың қатарында адвокаттың мәртебесі мен құқықтық қорғау кепілдіктеріне қатысты ережелер аталды.
Конституция жобасының 86-бабының мазмұны
Жаңа Конституция жобасында 86-бап мынадай редакцияда берілген:
86-бап
«1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.
2. Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады.».
Айта кету қажет, 2026 жылғы 31 қаңтарда жарияланған жобаның бастапқы редакциясында «жәрдемдесуді көздейді» деген тұжырым қолданылған болатын.
Ал республикалық референдумға шығарылған редакцияда «жәрдемдеседі» деп бекітілді. Бұл адвокатураның сот арқылы қорғалу және заң көмегін алу құқығын іске асырудағы нақты әрі белсенді рөлін айқындай түседі.
86-баптың қабылдануы адвокаттық қызмет кепілдіктерін одан әрі нығайтуға құқықтық негіз қалайды. Аталған норманы тиімді іске асыру адвокаттық қауымдастықтың топтасуын және мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылды талап етеді.
Жоба бойынша жұмыс ашық форматта жүргізілді. Конституциялық комиссия құрамына қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен өңірлерінің өкілдері енгізілді. Отырыстар онлайн режимде көрсетіліп отырды, ал азаматтар, оның ішінде Республикалық адвокаттар алқасы да электрондық платформалар арқылы өз ұсыныстарын жолдады.
Қоғамдық талқылау нәтижесінде жоба мәтіні едәуір пысықталды, нақтыланды және толықтырылды. Комиссия мүшелерінің басым бөлігі жобаны республикалық референдумға шығаруды қолдады. Жаңа Конституцияны қабылдау туралы шешімді Қазақстан Республикасының азаматтары 2026 жылғы 15 наурызда қабылдайды.