home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ФОРУМ СПИКЕРІМЕН ТАНЫСТЫРАМЫЗ – КЕН МЕРФИ

ФОРУМ СПИКЕРІМЕН ТАНЫСТЫРАМЫЗ – КЕН МЕРФИ

ФОРУМ СПИКЕРІМЕН ТАНЫСТЫРАМЫЗ – КЕН МЕРФИ
19.09.2023

Біз алдағы VII Қазақстан адвокаттардың форумының спикерлері туралы айтуды жалғастырамыз.

Біздің қонақтарымыз бен спикерлеріміздің бірі - Халықаралық адвокаттар қауымдастығының (The International Bar Association - IBA) төрағасы Кен Мерфи.

Кен Мерфи – IBA  адвокаттар алқасының комиссиясының төрағасы (2023-24 жж.) және IBA Басқармасының мүшесі болып табылады.

Кен Мерфи 1981 жылы адвокат ретінде біліктілігін алды. 1983 жылдан 1995 жылға дейін ол Ирландияның ең ірі коммерциялық адвокаттарының бірі болып табылатын A&L Goodbody компаниясының Брюссельдегі кеңсесінде Еуропалық Одақ және бәсекелестік құқығы бойынша тәжірибеден өтті, және сол жерде  1990 жылы серіктес болды.

2012 жылдың қазан айында ол дүние жүзі бойынша 90-нан астам мүшесі бар заң жетекшілерінің жаһандық бірлестігі болып табылатын Халықаралық адвокаттардың институтының (IILACE) президенті ретінде екі жылдық мерзімін аяқтады.

2014 жылдың басында ол Халықаралық адвокаттар қауымдастығының адвокаттар алқасының Атқару комитетінің тең төрағасы болып тағайындалды. 2016 жылы ол Халықаралық адвокаттар қауымдастығы аясында дүние жүзіндегі адвокаттар алқалары мен қоғамдарының көзқарастары мен мүдделерін білдіретін адвокаттар алқасы жөніндегі комиссияның он мүшесінің бірі болып сайланды.

Ол көптеген IBA комитеттерінде және жұмыс топтарында қызмет етті, оның ішінде 2022 BIC Саясат комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

1995 жылдан 2021 жылға дейін 26 жыл бойы Кен Мерфи Ирландия адвокаттар қоғамының бас атқарушы директоры болды.

Ұзақ жылдар бойы Халықаралық құқық институты қауымдастықтарының басшыларымен және еуропалық адвокаттар алқаларының басшыларымен жұмыс істеді. Осы екі бірлестікте ол президент болып сайланды.

(Сілтеме арқылы форум бағдарламасын көре аласыз)