Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның Ережесі мен құрамы бекітілді.
Комиссия Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссияның негізгі міндеті – конституциялық реформа мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Комиссия құрамына адвокатураның екі өкілі енгізілді:
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев және адвокат, құқық қорғаушы, Республикалық адвокаттар алқасы Президиумының мүшесі Айман Умарова.
Комиссия жұмысы кең өкілділік пен сараптамалық қатысуды, оның ішінде адвокаттық қауымдастықтың қатысуын көздейді. Бұл маңызды конституциялық реформаның мәселелерін жан-жақты әрі мазмұнды түрде пысықтауға қолайлы жағдай жасайды.