home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА ТӨРАҒАСЫ МӘДИ МЫРЗАҒАРАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

РАА ТӨРАҒАСЫ МӘДИ МЫРЗАҒАРАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

РАА ТӨРАҒАСЫ МӘДИ МЫРЗАҒАРАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
19.03.2026


2026 жылғы 17 наурызда Ақордада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты рәсім аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Марапатталғандардың қатарында — Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Жомартұлы Мырзағараев бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Бұл марапат құқықтық жүйені дамытуға қосқан үлесті, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуды, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың дербес институты ретінде адвокатураның рөлін мойындаудың айғағы болып табылады.

Жаңа Конституция жобасын әзірлеу кезеңінде Мәди Мырзағараев Конституциялық комиссияның жұмысына белсенді қатысты. Адвокаттар қауымдастығының адвокатураны институционалдық тұрғыдан нығайтуға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін дамытуға бағытталған бірқатар бастамалары Негізгі заң мәтінінде көрініс тапты.

Атап айтқанда, Конституцияда адвокатураның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау институты ретіндегі мәртебесі бекітілген.

Жаңа Конституцияны қабылдау елдің құқықтық жүйесін дамытудың алдағы бағытын айқындап, заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін оның ережелеріне сәйкес кезең-кезеңімен жетілдіруді талап етеді.