Ресей Федералдық адвокаттар палатасының президенті Светлана Володина Қазақстан адвокаттары күнін мерекелеуге байланысты РАА төралқасына құттықтау хат жолдады.
Өз құттықтауында Светлана Володина атап өтті:
«Қазақстан Республикасының адвокатурасы мемлекет пен қоғамдағы өзінің жоғары беделін сақтай отырып, ұдайы даму жолын ұстанып, уақыт талабына сай әрекет етуде».