home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығымен құттықтау

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығымен құттықтау

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығымен құттықтау
30.08.2025

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Конституция — тәуелсіз мемлекетіміздің нышаны, құқықтық жүйеміздің берік тірегі.

Адвокаттар үшін Ата Заң – заңға қызмет ету және азаматтарды қорғауға бағытталған кәсіби миссияның қайнар көзі.

Адвокаттар өз қызметінде конституциялық нормалардың шынайы күшін күн сайын растайды. Ата Заңдағы 13-бап әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығын бекітеді, және бұл құқықты адвокаттар өздерінің сенім білдірушілерінің мүддесін қорғау және сотта әділдікті қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады. 16-бап жеке тұлғаның қолсұғылмаушылығын және әркімнің жеке бостандығына құқығын растайды. Бұл норма ешкімнің заңға сәйкес қатаң негізсіз бостандығынан айырыла алмайтынын, ал ерікті ұстау мен қамауға алудан қорғаудың мемлекеттің ажырамас міндеті екенін еске салады. Мұнда адвокаттың рөлі ерекше зор, себебі дәл ол адам бостандығының ерікті түрде бұзылмауының кепілі болады. 39-бап жекелеген құқықтар мен бостандықтардың ешбір жағдайда шектеуге жатпайтынын атап өтеді. Бұл – адамдардың сот төрелігі мен мемлекетке деген сенімінің мызғымас негізі.

Конституция —  еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің іргетасы ғана емес, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сенімді кепілі сонымен қатар кәсібіміздің жария-құқықтық сипатын растайтын моральдық бағдар. Біз қазақстандық адвокаттар құқықтың үстемдігін нығайтуға, адам қадір-қасиеті мен әділдікті қорғауға өз үлесін қосып жатқанын мақтан тұтамыз.

Мереке күні біз барлық әріптестерімізді бұдан былай да конституциялық принциптерді қатаң ұстануға, жоғары миссиямызға адал болуға және қоғамға кәсіби, жауапты және абыроймен қызмет етуге шақырамыз.

Конституция күніне орай Қазақстанның бірқатар адвокаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталғанын ерекше атап өткіміз келеді.

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:

• Болат Жүргенбайұлы Бекешев (Жамбыл облысы)

• Махмұт Орынбасарұлы Тұрғанбаев (Түркістан облысы)

• Жүрсін Қасымұлы Бақаев (Ұлытау облысы)

• Виктория Борисовна Менджею (Алматы қ.)

• Хасен Рахимұлы Игубаев (Ақмола облысы)

• Күлмайра Әбитқызы Талипова (Алматы қ.)

• Теңгежан Жабағыбайқызы Сағандықова (Түркістан облысы).

«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандар:

• Гүлшат Беркенқызы Көшербаева (Алматы қ.) және Жанар Сапарғалиқызы Жанғабұлова (Қостанай облысы).

Бұдан бөлек, көптеген әріптестеріміз Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа адвокаттардың еңбегіне назар аударып, олардың ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіреді.

Қымбатты достар, мереке құтты болсын!

Құрметпен,

Республикалық адвокаттар алқасы.