home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
15.12.2023

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің барлық азаматтары үшін айтулы күнмен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар.

Халқымыздың ең басты байлығы мен жетістігі – Қазақстан өз аумағында үстемдігін дербес жүзеге асыратын, ұлттық заңы және халықаралық қатынастарда тәуелсіздігі бар егемен мемлекет болып табылады.

Адвокаттардың кәсіби қызметі мемлекеттің егемендігін нығайту және құқықтық мемлекет құру процесінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан адвокатура құқықтық мемлекеттің бірден-бір тірегі.

Адвокаттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын және біздің қоғамда әділеттілік болуын батыл күзетеді. Сондықтан адвокатура азаматтық қоғамның да бір тірегі болып табылады.

Адвокатура өзінің жоғары миссиясын түсіне отырып, бізде шынайы құқықтық мемлекет қалыптасуына, ал азаматтық қоғам қорғалған және жоғары деңгейде дамыған болуы үшін күш салуда.

Отанымыз - Қазақстан Республикасына бейбітшілік, амандық, өркендеу және табыс тілейміз!