Құрметті адвокаттар!
Республикалық адвокаттар алқасы сіздерді Адвокатура күнімен құттықтайды!
Бұл күн адвокатураның еліміздің құқықтық жүйесіндегі ерекше орны мен мәнін еске салады. Адвокатура – жай ғана кәсіби қоғамдастық емес, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет ететін, әділдікті нығайтатын маңызды жария-құқықтық институт.
Қазақстан адвокаттары күн сайын үлкен жауапкершілікті арқалап келеді: қиын сәтте азаматтардың жанынан табылу, құқықтарын қорғау, кәсіби деңгейін биік ұстау және қағидаттарға адал болу.
Сіздердің табандылықтарыңызға, адалдықтарыңызға, заңға деген құрметтеріңізге және әрбір азаматқа көмек қолын созуға дайын тұратындарыңызға алғыс білдіреміз.
Еңбектеріңізге лайықты баға беріліп, қоғамның құрметі мен азаматтардың сенімі әрдайым серік болсын. Жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз.
Ізгі құрметпен,
Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы