home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТУРАҒА КІРУДІҢ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

АДВОКАТУРАҒА КІРУДІҢ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

АДВОКАТУРАҒА КІРУДІҢ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
26.12.2023

РАА Төралқасының 2023 жылғы 3 сәуірдегі және 3 шілдедегі шешімдерімен адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ережеге өзгерістер енгізіліп Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілді. Түзетулер адвокаттық қызметке кірудің қолданыстағы жүйесін кезең-кезеңімен жетілдіруге бағытталған.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокат болғысы келетін адамдар тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша тиісті адвокаттар алқасының төралқасында сұхбаттасу кезеңінен өтеді. Сұхбаттасу шеңберінде үміткерлерге үлгілік тағылымдама бағдарламасына сәйкес тағылымдамадан өту кезінде алған білімдері мен дағдыларын бағалау үшін сұрақтар қойылады.
2023 жылғы 25 желтоқсанда РАА Төралқасының қаулысымен қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және конституциялық заңнама, сондай-ақ адвокаттық қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері, оның ішінде адвокаттың кәсіби этикасының нормалары мәселелерінің тізбесі бекітілді.
Бұл тыңдаушылардың заңнаманы, процессуалдық нормаларды, адвокаттық қызмет негіздерін және кәсіби этика талаптарын қажетті білімі бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Осылайша, адвокат мәртебесін алу үшін жеткілікті білімін көрсете алмаған тағылымдамадан өтушілерді адвокат қатарына кіре алмайтын болады.
Белгілі болғандай, 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап прокуратураның, құқық қорғау органдарының, соттардың қазіргі қызметкерлерінің, сондай-ақ қазіргі судьялардың процестік мәртебесі мен мүдделер қақтығыстары адвокаттардан айырмашылығы бар болғандықтан жоғарыда аталған тұлғалар адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтуге рұқсат етілмейді.
Жаңа түзетулерге сәйкес тағылымдамадан өтуге рұқсат етілмеген тұлғалардың шеңбері арнайы мемлекеттік органдардың қазіргі қызметкерлерін қамтумен кеңейтілді.
Соңғы өзгерістер тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін талапкерлердің жауапкершілігін белгілейді. Сонымен қатар, енді тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтініште көрсетілген деректерде анық емес мәліметтер анықталған жағдайда тағылымдамадан сәтті өткені туралы адвокаттар алқасының төралқасы бұрын бекітілген қорытындының күшін жоюға құқылы.
Адвокат мәртебесін алу тәртібін концептуалды түрде өзгерту үшін РАА Мәжіліс депутаттарына өтініш берушілерге мінсіз беделге ие болу талабын белгілеу және адвокаттық қызметпен айналысқысы келетін адамдарды аттестаттау кезінде әңгімелесу кезеңін енгізу бастамасын ұсынды.