Бүгін Мади Мырзағараевтың төрағалығымен Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының бірінші отырысы өтті.
Төралқа кадрлық мәселелерді қарады.
Төралқа РАА төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы лауазымына Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Аманжол Мұхамедьяровтың кандидатурасын келісті. Ол бұған дейін РАА төрағасының штаттан тыс кеңесшісі болды. Игорь Вранчев өз еркімен кеткеннен кейін бұл лауазым босады.
Ғылыми-консультативтік кеңестің төрағасы Сергей Сизинцев өз еркімен қызметінен босатылды. ҒКҚ төрағасының міндетін атқарушы болып Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, РАА Төралқасының мүшесі , осыған дейін РАА ҒКҚ хатшысы қызметін атқарған Сисенбай Дельманов тағайындалды.
%20(3).png)