2026 жылғы 26 ақпанда РАА Төралқасының шешімімен Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, РАА Төралқасының мүшесі Дельманов Сисенбай Сарсембаевич РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы лауазымында тұрақты негізде бекітілді.
2026 жылғы 06 сәуірде РАА Төралқасының отырысы өтті, онда Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын жаңарту туралы мәселе қаралды. Бұл мәселені қарау қажеттілігі Кеңес мүшелерінің бір бөлігінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен байланысты.
РАА Төралқасы осыған дейін белсенді жұмыс істеген және аумақтық адвокаттар алқалары жаңадан ұсынған төрт адвокатты РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің жаңа құрамына қайт қосу, сондай-ақ Алматы қалалық адвокаттар алқасының ұсынысы бойынша Кеңес құрамына жаңа мүше С.А. Мусинді сайлау туралы шешім қабылдады.
РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің қазіргі мүшелерін ескере отырып, осы органның жаңартылған құрамына 12 адвокат кіреді:
Ғылыми-консультативтік кеңес қызметі адвокаттық қызметті жетілдіру, оның ішінде заң жобалау қызметіне қатысуға байланысты жұмыс мәселелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар, қорытындылар мен ұсынымдар дайындауда Республикалық адвокаттар алқасының қызметін сүйемелдеуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Ғылыми-консультативтік кеңес құрамында жұмысын аяқтаған адвокаттарға соңғы төрт жыл ішінде адвокатураның дамуына қосқан зор үлесі үшін Республикалық адвокаттар алқасы шынайы алғысын білдіреді.