Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты үш томдық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа Түсініктеме дайындап, жарыққа шығарды.
Түсініктемені мемлекеттік, қоғамдық, ұстаздық және оқу жұмысында үлкен тәжірибесі бар атақты ғалымдар құрастырған.
Авторлар ұжымы бұл жұмысты жариялау қажеттілігі, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген көптеген өзгерістер мен толықтыруларды кәсіби түрде түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі құқық бұзушылық туралы заң нормаларын жүйелі талдау қажеттілігінен туындап отырғанын хабарлайды.
Авторлар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме тек Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы мен оның қолданылуына қызығушылық танытқан оқырмандарға ғана емес, сонымен қатар сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының және жалпы ғылыми қауымдастық өкілдеріне де пайдалы болады деп есептейді.
Түсініктемені алу мәселелері бойынша 8-707-575-83-95 телефонға барласуға болады (Ербол Абайұлы Дүйсенов, з.ғ.к., Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми хатшысы)