home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары «QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ АДВОКАТУРАНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БЕКІТІЛУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ АДВОКАТУРАНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БЕКІТІЛУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«QAZAQSTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ АДВОКАТУРАНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БЕКІТІЛУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
18.02.2026

«QAZAQSTAN» телеарнасының эфирінде конституциялық реформа аясында адвокаттық қызметтің мәртебесі және Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа 86-бабының қабылдануы мәселелері талқыланды. Аталған бап адвокатураның құқықтық мәртебесін Конституция деңгейінде бекітеді.

Бағдарламаға Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай, сондай-ақ Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары Тельман Аленов, Ақмарал Палмаханова, Нұрмұхан Ілясов және Жандос Туяков қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар Конституция жобасының 86-бабының маңызына жан-жақты тоқталды. Аталған норма адвокатураның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқығын іске асырудағы рөлін айқындайды. Сондай-ақ адвокатура туралы жеке баптың Негізгі заңға енгізілуі кәсіби заңгерлік қауымдастықтың ұзақ мерзімді әрі жүйелі жұмысының нәтижесі екені атап өтілді.

Сонымен қатар, адвокатураның конституциялық деңгейде бекітілуі сот процесіндегі тараптардың теңдігі қағидатын нығайтуға ықпал ететіні ерекше айтылды. Атап айтқанда, соттағы адвокаттар мен прокурорлардың процессуалдық мәртебесінің теңестірілуі әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтетін маңызды қадам екені көрсетілді.

Бағдарлама аясында адвокаттар кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді де көтерді. Олардың қатарында іс материалдарына қол жеткізу, процессуалдық құқықтарды толық іске асыру және адвокатура тәуелсіздігінің кепілдіктерін сақтау мәселелері бар.

Қатысушылар 86-баптың қабылдануы заңнаманы одан әрі жетілдіруге және құқық қорғау институтын нығайтуға берік құқықтық негіз қалыптастыратынына сенім білдірді.

Ұлттық телеарнадағы бұл талқылау құқықтық мемлекет жағдайындағы адвокатураның рөлі мен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі маңызын кеңінен жария талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.