home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Қытай халықаралық заң қызметтері форумы (XJLA's International Legal Forum)

Қытай халықаралық заң қызметтері форумы (XJLA's International Legal Forum)

Қытай халықаралық заң қызметтері форумы (XJLA's International Legal Forum)
18.08.2023

18-19 тамызда Үрімшіде Қытайдағы Халықаралық заң қызметтері форумы (XJLA's International Legal Forum) өтіп жатыр, бұл Орталық Азиядағы құқық саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
1982 жылы құрылған XJLA – Қытайдың Шыңжаң қаласында жұмыс істейтін 8 000 адвокаттар мен 550-ден астам адвокаттық фирмасының бірлестігі.
Форумның негізгі тақырыбы – Орталық Азиядағы инвестиция, сауда, еңбек, зияткерлік меншік, қоршаған орта, дауларды шешу салаларындағы заңгерлік қызметті талқылайтын «Платформаны бірлесіп құру және бірлесіп дамыту».


Форумда Шыңжаң адвокаттар алқасының төрағасы Бао Цзянь Гэннің жеке шақыруымен РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ бейне үндеу жасады. Ол біздің елдердің адвокаттар алқалары, адвокаттары және адвокаттық кеңселері арасындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты, өйткені форум қатысушылары адвокаттардың мәртебесін көтеру, сот жүйесінің тәуелсіздігі және заң үстемдігі туралы алаңдаушылық білдіріп, жұмыс нәтижелерімен бөлісті және  Қазақстандағы адвокатура ұлттық ынтымақтастық пен жетекші сарапшылардың халықаралық көмегі арқылы заң үстемдігін орнатуға бағытталған жұмыстының нәтижелері мен бөлісті.


Сондай-ақ, Форумға Мейірбек ДАУБАЛАЕВ, РАА Төралқа мүшесі, Қызылорда облысы адвокаттар алқасының төрағасы қатысты.


Мейірбек ДАУБАЛАЕВ өз баяндамасында соттардың тәуелсіздігі, сыбайлас жемқорлықпен күресу, адвокаттар мен құқық қорғау органдарының дербес қызметі еліміздегі құқықтық нормалардың заң талаптарына сай жұмыс істеуінің кепілі екенін атап өтті.