home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Республикалық адвокаттар алқасы Алматы қалалық адвокаттар алқасымен бірлесіп адвокаттарды ВЕБИНАРҒА шақырады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Республикалық адвокаттар алқасы Алматы қалалық адвокаттар алқасымен бірлесіп адвокаттарды ВЕБИНАРҒА шақырады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Республикалық адвокаттар алқасы Алматы қалалық адвокаттар алқасымен бірлесіп адвокаттарды ВЕБИНАРҒА шақырады.
01.02.2023

Хабарландыру

Вебинар – 2023 жылғы 4 ақпан, сағат 10.00

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Республикалық адвокаттар алқасы Алматы қалалық адвокаттар алқасымен бірлесіп адвокаттарды ВЕБИНАРҒА шақырады.

 

Тақырыбы: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

 

Спикерлер:

  1. Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы
  2. Нұрмаханов Бақыт Маратұлы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары
  3. Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы
  4. Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы

 

Модератор:

БИКЕБАЕВ Айдын Жолшыұлы, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы

 

Тең-модераторлар:

  1. Вранчев Игорь Олегович, Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары
  2. Қанафин Данияр Қайратұлы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттарды тағылымдамадан өткізу және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі орталығы басшысының орынбасары

 

Вебинарға қатысушылар Конституциялық Сот қызметінің негізгі мәселелерімен таныса алады, сондай-ақ келесі сұрақтарға жауап ала алады:

  • Бұрын жұмыс істеген Конституциялық Кеңестің жаңадан құрылған Конституциялық Соттан қандай айырмашылығы бар?
  • Конституциялық соттың өкілеттігі қандай?
  • Конституциялық Сот институты сот органы болып табылады ма?
  • Конституциялық Сотқа кім және қандай жағдайларда жүгіне алады?
  • Конституциялық іс жүргізу дегеніміз не? Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен ережелері туралы.
  • Конституциялық Сот қандай жағдайларда азаматтардың өтініштерін қарамайды?
  • Азаматтың өтініші бойынша Конституциялық Соттың түпкілікті шешімі қандай нысанда қабылданады?

 

Вебинарға қатысуға ниет білдірген адвокаттар, қосылу сілтемесі жіберілетін электрондық поштаны көрсете отырып, сілтеме арқылы тіркелу формасына мәліметтерді толтыруы қажет.

Қатысу тегін. Қатысушылар саны ❗ШЕКТЕУЛІ❗- 1000 орын.

https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_-EKdsE4-TG6VnSqDh4kL2A