home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР. РАА ҰСТАНЫМЫ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР. РАА ҰСТАНЫМЫ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР. РАА ҰСТАНЫМЫ
09.10.2023

Бүгін Республикалық адвокаттар алқасы өкілдері Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен кездесіп, тәуелсіз кассациялық инстанция құру мәселелерін талқылады.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары, РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, РАА Төралқа мүшелері Эльвира АБДУЛИНА, Анара ҚҰСАЙЫНОВА, Қайрат ДЕМЕСИНОВ, Қалтай ҚАЛИАҚПАРОВ пен Роза ҚҰАНЫШБАЕВА қатысты

РАА осы мәселеде келесілерді ұстанады:

1. Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясын құру қажет;


2.  Кассациялық орган толық тәуелсіз болуы керек;


3. Істердің барлық санаттары бойынша кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталсын;


4. Барлық санаттағы істерді қарауды тараптардың міндетті түрде қатысу мүмкіндігімен алқалы алқа жүргізуге тиіс.


Кассациялық соттарды құру мәселесі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының ұстанымымен РАА сайтында танысуға болады.