home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі өзгертілді

Адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі өзгертілді

Адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі өзгертілді
09.08.2023

Республикалық адвокаттар алқасы (бұдан әрі – РАА) Төралқасының 2023 жылғы 3 сәуірдегі және 3 шілдедегі шешімдерімен адвокаттық тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ережеге (бұдан әрі – Ереже) өзгерістер енгізілді. Түзетулер ағымдағы жылдың 04 тамызында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілді. Олардың күшіне ену мерзімі РАА Төралқасының келесі отырысында айқындалады.
Түзетулер адвокаттық қызметке кірудің қолданыстағы жүйесін кезең-кезеңімен жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі күні адвокаттық қызметке үміткерлердің барлығы аттестациядан өтпейтіндіктен, жаңа түзетулерге сәйкес, енді әрбір тыңдаушы тағылымдамадан өткеннен кейін адвокаттар алқасында әңгімелесуден өтеді. Бұл тағылымдамадан өтушілердің заңнаманы, процестік нормаларын, адвокат мамандығының негіздерін және кәсіби этика талаптарын қажетті білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. Осылайша, тағылымдамадан өту процесі жақсарады, адвокат мәртебесін алу үшін жеткілікті білімін көрсете алмаған тағылымдамадан өтушілерді шеттетуге болады, бұл өз кезегінде мамандықтың беделін көтереді.
Белгілі болғандай, 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап прокуратураның, құқық қорғау органдарының, соттардың қазіргі қызметкерлеріне, сондай-ақ қазіргі судьяларға осы тұлғалардың және адвокаттың мүдделері қақтығысына және процестік мәртебесі айырмашылығына байланысты адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтуге рұқсат етілмейді.
Соңғы түзетулер тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтініште және өтінішке қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін талапкерлердің жауапкершілігін де қарастырады.
Сонымен қатар, адвокаттар алқасының төралқасына тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтінішпен берілген жалған мәліметтер анықталған жағдайда тағылымдамадан өтуді сәтті аяқтау туралы бұрын бекітілген қорытындының күшін жою туралы шешім қабылдау құқығы берілді.
РАА адвокаты мәртебесін алу тәртібін концептуалды түрде өзгерту мақсатында тиісті заңға өтініш берушілерге мінсіз беделге ие болу талаптарын белгілеу бөлігінде, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысқысы келетін адамдарды аттестаттау кезінде әңгімелесу кезеңін енгізу бөлігінде түзетулер дайындалды. Бұл түзетулер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қарауына ұсынылды.