19 желтоқсанда РАА Төралқасы адвокаттардың «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Адвокаттардың кәсіптік этика кодексінің талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті негіздердің болмауына байланысты, бірнеше шағым бойынша РАА Адвокатураның тәртіптік комиссиясының қарауына ұсыныстарды енгізбеу туралы шешім қабылдады.
Түркістан облыстық адвокаттар алқасының екі адвокатына қатысты бір шағымды қарау істің мән-жайын қосымша зерделеу қажеттілігіне байланысты келесі отырысқа қалдырылды.
20 желтоқсанда РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. Отырыс барысында әділет органдары қызметінің ұлттық даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, үйлестіру, сондай-ақ заңнамалық жұмыстарды жүргізу, ел заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу арқылы бостандықтарын қамтамасыз ету арқылы адам және азамат құқықтарының үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға және сапасын арттыруға қатысу бойынша қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен негізгі бағыттары белгіленді.
20 желтоқсанда РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасарының Жақып Асановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Жобалық кеңсесі мен Maqsut Narikbayev University-нің бірінші отырысына қатысты.
Отырыс тақырыбының бірі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабын қылмыстан айыру туралы баяндаманы Maqsut Narikbayev University проректоры (ректоры), з.ғ.к., доцент Сергей Пен жасады, ал қосалқы баяндамашы Игорь Вранчев болды.
20 желтоқсанда РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі келесі үстанымдарды бекітті:
1) 03.07.2014 ж. № 31-НП «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабының 10.03.2023 ж. ескертуінің Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына;
2) сыбайлас жемқорлықтың туындауының себебі ретінде әкімшілік қалауға (дискрецияға) көзқарастарды өзгерту мәселесі бойынша.
21 желтоқсанда РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Парламентаризм институтының Астана мемлекеттік қызмет хабымен бірлесіп ұйымдастыруымен, Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафиновтың төрағалығымен өткен «Конституциялық реформа және цифрлық үкімет шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің заңдарды орындауына парламенттік бақылаудың нысандары мен әдістерін оңтайландыру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференцияда Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформа, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» Қазақстанның саяси жүйесінің формуласын бекіту контекстінде парламенттік бақылаудың өзекті мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқаруды цифрландырудың жалпы бағыттары аясында парламенттік бақылауды дамыту мәселелері көтерілді.
21 желтоқсанда РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, РАА Төралқасының мүшелері Данияр Қанафин мен Қалтай Қалиақпаров, РАА аппаратының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау жөніндегі Парламент Мәжілісінің Абзал Құспанның төрағалығында өткен жұмыс тобының отырысына қатысты.
Атап айтқанда, заңсыз іс-әрекеттер арқылы зиян келтірген қылмыстық процесті жүргізуші органдардың лауазымды тұлғаларына регресс құқығына қатысты түзетулер қаралды.
Қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022–2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымды адамдардың істері бойынша кінәсі анықталған, келтірілген зиянды өтеу бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына жіберілген болатын.
Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 38 хатты, сондай-ақ 13 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.