11 желтоқсанда РАА-ның Ғылыми-консультативтік кеңесі Әділет министрлігінен келіп түскен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) нормаларын талдау, атап айтқанда ӘҚБтК-нің 668-бабын сақтау (адвокаттың заңды қызметіне кедергі жасау) және оны жаңа редакцияда жазу қажеттілігі жөніндегі ұстанымды бекітті. РАА-ның негіздемесі және ӘҚБтК-нің 668-бабының жаңа редакциясы салыстырмалы кесте түрінде Әділет министрлігіне жолданды.
12 желтоқсанда РАА төрағасы Парламентаризм институты ұйымдастырған «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Талқылауға мынадай сұрақтарды қамтитын «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шығарылды:
- заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлердегі құқықтық регламенттеудің аражігін ажырату;
- норма шығару қызметін жоспарлау сапасы;
- нормативтік құқықтық актінің сапасына қойылатын нақты талаптар;
- жұртшылық пен нысаналы топтардың нормашығармашылық процесіне қатысуы;
- нормативтік құқықтық акті жобаларының ғылыми және сараптамалық құрамдас бөліктері;
- норма шығару қызметінің рәсімдері.
12 желтоқсанда РАА төрағасы Әділет министрлігі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында келесі нормативтік құжаттардың жобаларын қарауға қатысты:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша нормативтік саясаты жөніндегі ұсынымдық құжат;
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша нормативтік саясаттың ұсынымдық құжаты;
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі жобасының реттеушілік саясаты жөніндегі ұсынымдық құжат;
4. «Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша нормативтік саясат жөніндегі ұсынымдық құжат;
5. «Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша нормативтік саясат жөніндегі ұсынымдық құжат.
13 желтоқсанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев депутат Магеррам Магеррамовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Адвокатқа заң көмегін көрсету шеңберінде оның жазбаша өтініші бойынша банктік құпияға қол жеткізуге қатысты түзету пысықтауға жіберілді.
13 желтоқсанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев ҚР Әділет министрлігінде Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың қатысуымен заңда белгіленген адвокаттық қызмет кепілдіктерін шектеуге бағытталған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) үшін әкімшілік жауапкершілікті нақтылауға қатысты РАА-ның ұсыныстарын талқылау бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.
15 желтоқсанда Адвокатураның тәртіптік комиссиясы
- Абай облысының Абай облысының адвокаттар алқасының адвокаты И.Д. қатысты Әділет департаментінің шағымын қанағаттандырусыз, 21.10.2023 жылғы Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдырды;
- Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты - төралқасының мүшесі И.А. қатысты тәртіптік іс жүргізуді қарауды келесі отырысқа қалдырды.
Өткен кезеңде РАА-на түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 37 хатты, сондай-ақ 25 шағым мен жолданымды құрады. Барлық жоданымдар бойынша жұмыс жүргізілуде.
РАА төрағасы мен төраға орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.