5 желтоқсанда РАА кеңсесінде РАА төралқасының кейбір мүшелері мен адвокаттарға марапаттар табыс етілді.
5 желтоқсанда РАА ҒКК мүшелері мен РАА аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобының отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға қатысты.
7-8 желтоқсанда РАА төралқасының мүшесі, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Данияр Қанафин «Ұлттық заңнамаға адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды енгізу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, түркі мемлекеттерінің омбудсмендері, қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да сарапшылар жиналды.
Форум 3 негізгі сессияны қамтыды:
7 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында адвокаттар алқасының тарихи, құқықтық, этикалық аспектілері мен оның келешегін талқылауға арналған «Ресей адвокатурасы – даму жолдары» атты халықаралық конференция өтті.
Конференция бағдарламасы үш сессияны қамтыды: «Адвокатураның тарихы: Ресей империясынан Ресей Федерациясына дейін», «Адвокаттық кәсіпке жол – құқық және этика», «Ресейдегі және шетелдегі адвокаттың мәртебесі».
Конференцияда Қазақстаннан «Ресейдегі және шетелдегі адвокаттың мәртебесі» сессиясына РАА төрағасының кеңесшісі Аманжол Мұхамедьяров пен Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Юлия Малюкова қатысты.
7 желтоқсанда РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасын қарауға арналған жалпы отырысына қатысып, Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына әкімшілік құқық бұзушылықтар саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы талқылауына қатысты.
8 желтоқсан РАА Тәртіптік комиссиясы:
- Астана қалалық адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының 07.09.2023 жылғы адвокат А.О.-ға өатысты қаулысының күші жойды, онда А.О.-ның жасаған құқық бұзушылықтың елеусіздігіне байланысты тәртіптік жауапкершілік тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, қылмыстық процеске қатысу сатысында келісімдердің болмауына байланысты Кәсіби этика кодексі мен «Адвокаттық қызмет және құқық көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін адвокат А.О.-ға қатысты «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданды.
- Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты С.Е.-ның адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының оны адвокатурадан шығару туралы шешіміне берген шағымын қанағаттандырусыз қалдырып, Қызылорда ОАА Тәртіптік комиссиясының шешімі өзгеріссіз қалдырылды;
- К.Н.-ның мүддесі үшін сенімхат бойынша әрекет еткен Ш.М. және Т.Ғ. адвокаттардың С.А.-ға қатысты қабылданған Шымкент қалалық адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының 2023 жылғы 11 қазандағы шешімі бойынша шағымын қанағаттандырусыз қалдырды;
- адвокат Д.Р.-ға қатысты қабылданған Е.Т.-ның Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі шешімі бойынша шағымына қанағаттандырусыз қалдырды.
8 желтоқсанда РАА Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысына қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, еңбек, еңбекті қорғау және жұмыспен қамту туралы заңнаманың жай-күйі талқыланды. Жиынға қатысушылар Қазақстанда азаматтардың еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, қауіпсіздік пен гигиеналық талаптарға сай келетін еңбек жағдайларына, еңбегі үшін ешбір кемсітусіз сыйақы алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін заңнамалық база жасалғанын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленді.
Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 33 хатты, сондай-ақ 26 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.