18.03.2024 – 29.03.2024 НӘТИЖЕЛЕРІ

18.03.2024 – 29.03.2024 НӘТИЖЕЛЕРІ
01.04.2024

18 наурызда Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы келесі шешімдер қабылдады:

Вебинарлар және тренерлерді аккредиттеу: Төралқа адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияға аумақтық адвокаттар алқаларымен вебинарлар ұйымдастыруды үйлестіруді ұсынды. Сондай-ақ адвокаттардың құқықтарын қорғауға қатысты тақырыптар бойынша тренер ретінде аккредиттеуден өту үшін Комиссия құрамынан үміткерлерді ұсынылатын болады.

Кадрлық өзгерістер: адвокаттар Нұрлан Әлекешевті (Ақтөбе) және Марал Сайлаубайды (Қарағанды) өз өтініштері бойынша адвокаттардың кәсіби құқықтарды қорғау Комиссиясының құрамынан шығару туралы шешім қабылданды, сонымен қатар жаңа мүшелер – Гүлсім Кәкішева (Ақтөбе) және Асылбек Садықов (Қызылорда) енгізілді.

Сот төрелігі академиясының комиссияларындағы өкілдік: Төралқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қабылдау және емтихан комиссияларының құрамына Роза Қуанышбаеваны, Эльвира Абдулинаны, Гаухар Айтжанованы ұсынды.

Шағымдарды қарау: Адвокаттардың әрекеті мен әрекетсіздігіне қатысты бірқатар шағымдар қаралып, шешімдер қабылданды.

Футболдан Еуропа кубогына қатысу: Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұрлан Жолболовтың қазақстандық адвокаттардың Eurolawyers халықаралық турниріне дайындығы мен қатысуы туралы ақпараты назарға алынды.

 

18 және 28 наурызда РАА өкілдері  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құспан Абзалдың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау туралы жұмыс тобының отырысына қатысты.

Тұлғаға қарсы денсаулыққа зиян келтірген қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы депутаттардың ұсыныстары талқыланды.

 

19 наурызда Цифрлық даму министрлігінде өткен жұмыс отырысында заңгерлеадвокаттардың E-Otinish ақпараттық жүйесін пайдалануына қатысты техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Адвокаттардың мемлекеттік және сот органдарының өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері көтерілді. Отырыстың маңызды нәтижесі жұмыс тобына кейіннен қарау үшін көтерілген барлық мәселелерді хаттамаға енгізу туралы шешім болды, онда процестерді оңтайландыруға және адвокаттар қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтылыс ерекше атап өтілді. Отырысқа РАА төралқа мүшелері Ирина Көшекова мен Қалтай Қалиақпаров қатысты. Кездесуді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталының өкілі Д.Айтпаев жүргізді.

 

19 наурызда РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен Еуропа адвокаттар мен заң қоғамдары кеңесінің РЕСО комитетінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында құқықтық қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастық, бірлескен іс-шаралар және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

 

27 наурызда  депутат Магеррам Магеррамовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында 2022 жылы РАА дайындаған  Қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдаманың маңызды бөлігі болып табылатын негізгі ұсыныстар қабылданды. Бұл адвокаттық қызметке қабылдаудағы кемсітушілік кедергілерді жоюға бағытталған бастамалар. Депутат Бақытжан Базарбек РАА бастамаларын қолдай отырып, бұрынғы судьялар, прокурорлар, тергеушілер сияқты жекелеген санаттағы тұлғаларға берілетін жеңілдіктерді жою, адвокаттық қызметке кандидаттардың барлығын аттестациядан өткізу үшін тең жағдайларды белгілейтін түзетулер енгізді.

Бұл түзетулерді қабылдау Республикалық адвокаттар алқасы мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы ұзақ талқылаулардың нәтижелерін көрсетеді.

Бұл көзқарас әділдік пен заң алдындағы теңдік қағидаттарын қолдап қана қоймай, қоғамның адвокаттық қызметке деген сенімін нығайтуға жасалған қадам болып табылады.

 

29 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырысында Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, РАА Төралқасының және ҒКК мүшесі Сисенбай Дельманов азамат К-ның өтініші бойынша РАА ұстанымымен таныстырды. Өтініштің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының Азаматтық-процестік кодексінің (ҚР АПК) нормаларына сәйкестігін тексеру, мүліктік мүдделерді көздейтін істер бойынша сот актілерін кассациялық қарауды белгілі бір сомаға шектеу туралы болды.

РАА Қазақстан Республикасының АПК-нің 434-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасының талаптары жеке тұлғалар үшін 2000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) төмен және заңды тұлғалар үшін 30 000 АЕК-тен төмен талап ету сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауды шектейтін нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар баптарына қайшы келед деп есептейді. Бұл сот төрелігіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты.

РАА Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінен даулы тармақшаны алып тастау туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына және басқа да мемлекеттік органдарға ұсыным жіберу қажет деп санайды. Сондай-ақ азаматтардың барлық санаттарының сот қорғауына кедергісіз қол жеткізуіне кепілдік беру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот төрелігіне қолжетімділік құқығы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот актілерін қайта қарау жөніндегі өкілеттіктері туралы» нормативтік қаулысын осы өзгеріске сәйкес келтіру ұсынылады.

 

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 77 хатты, сондай-ақ 44 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.